Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасы ?Ашық есік? күнін өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша басқармасының қызметкерлері 'Ашық есік күнін ' өткізген болатын. Онда жинақталған материалдар негізінде басқарма бастығы, тәртіптік кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев баспасөз мәслихатын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ? Қазіргі қаржылық жағдайдың күрделілігіне қарамастан осы жылдың өткен мерзімінде мемлекеттік органдардағы 135 қызметші біліктілігін арттыру курсынан, 39 қызметкер қайта даярлау курсынан өтті, ? деді Мақсұт Ыбырайханұлы. ? Ал басқарма базасында ұйымдастырылған тестілеу сатысына барлығы 332 адам қатысты, оның 247-сі оң нәтижеге ие болды. Конкурстар нәтижесінде 58 үміткер жеңімпаз деп танылып, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу құқығын иеленді. Осылайша конкурстық іріктеулердің тиімділігі айқындалды.Бұдан кейін басқарма бастығы үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға ұсынылған 193 қызметшінің 191-нің біліктілік талаптарына және заңдылық нормаларына сәйкес келуіне орай келісім берілгенін атап өтті.Есепті мерзім ішінде тәртіптік кеңестің қарауына барлығы 102 арыз-шағым түскен. Оның 9-ы құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардан келген. Кеңес отырысында қаралған 14 мәселенің 7-уі тәртіптік іс болса, қалған істер бойынша мемлекеттік орган басшыларының заң талаптарын орындау барысындағы есептері тыңдалды. Істері қаралған қызметшілердің екеуіне сөгіс беріліп, біреуіне қатаң сөгіс жарияланды.Халықтың арыз-шағымына көңіл бөлу ? тәртіптік кеңестің негізгі жұмыстарының бірі екенін атап көрсетті ол. Тиісті мекемелерден, өзі еңбек ететін кәсіпорындар басшыларынан әділдік таппаған кей жандар тәртіптік кеңеске келіп жүгінеді. Кеңес мүшелері белгіленген мерзімде жеке қабылдаулар өткізеді. Есепті мерзімде сондай жеке қабылдауда 113 адам болған. Олардың бірқатары дер кезінде қаралып, тиісінше жауап берілді. Бірқатары құзырлы органдардың қарауына жіберілді.Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басқармасы облыс әкімдігімен, өңірлік оқу орталығы және құзырлы органдармен бірлесе отырып, Сырдария және Жалағаш аудандарында көшпелі семинарлар өткізді. Ондағы мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар басшыларына түрлі мәселелер бойынша дәрістер берді, кеңестерін ұсынды. Сондай-ақ тәртіптік кеңес әкімдерге, мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы талаптарын сақтай отырып, жұмыс жүргізу жөнінде 24 ұсынымдар мен ұсыныстар жолдады. Олардың орындалуы мен жүзеге асырылуы назарда болады.