ОРАЛ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалін ел мен облыс намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар мен жаттықтырушыларға табыс етті.
С.Сүлеймен Елбасы Жарлығына сәйкес әр саланың үздіктері, соның ішінде спорт майталмандары мемлекеттік марапатқа ие болып отырғанын атап өтті. Айталық, еркін күрестен Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Таймұраз Тигиев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абдулхаким Шәпиев, ескек есуден Азия чемпионы Алексей Дергунов алдағы жылы Лондонда сынға түсетін болады. Сондай-ақ Қазбек Ибрашев, Тимур Оңдағанов, Алексей Ларионов, Бақытжан Ибраев, Керей Қойшыбек, Саят Шамшиев сынды спортшылар мен бапкерлер де марапатталды.
Облыста басқа салаларда да еңбегімен көзге түскендерге медальдар тапсырылуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).