Оның сөзіне қарағанда, мәселен Алматы қалалық прокуратурасы 4 млн. теңгеден астам төлемақыны заңсыз алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Осы соманы алу үшін бір әйел 1 млн. 100 мың теңгеден астам мөлшерде жалақы алатындығы туралы жалған анықтаманы пайдаланған. Осыған ұқсас фактілер Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында да анықталған.
«Қазіргі таңда 7 млн. теңгеден астам сомаға келтірілген зиян бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа, қылмыстық қудалау органдарына процессуалдық шешімдер қабылдау үшін 36 млн. теңгеден астам сомаға 53 құжат жіберілді, бұзылған заңдылықты жою туралы 17 ұсыныс енгізілді», деді ресми өкіл.