«Мемлекеттік сатып алу» сайты өзінің интерфейсін жаңартты

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Қазнеттің танымал порталдарының бірі www.goszakup.gov.kz сайты жаңа өзгерістерге ұшырады.

«Мемлекеттік сатып алу» порталының интерфейсі жаңартылды.

Ресурс жасаушыларының айтуынша, интерфейстің жаңартылған редакциясы пайдаланушылардың қолданысы үшін әлдеқайда жеңілдетілген. Сайттың навигациялық жүйесі жетілдіріліп, ресурстарды пайдаланудың нұсқаулары енгізіліп, «Сұрақ-жауап» айдары ашылған. Сонымен қатар 2009 жылғы сақталған құжаттарға ену мүмкіншілігі жасалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Ел бірлігі» Доктринасының басты қағидатына сәйкес, сайт мәтіндері қазақ тіліндегі үлгісі шыға бастады. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторы болып табылатын «Электронды коммерция орталығы» ЖШС-нің толықтырылуы негізінде жарияланатын Web-ресурс бүгінгі күні пайдаланушылар саны бойынша барлық рекордтарды басып озды. Статистика көрсетіп отырғанындай, сайтқа күніне 80 000 астам пайдаланушы кіреді екен.

«Мемлекеттік сатып алу» сайтына 2008 жылы 500 жеткізуші компаниялар тіркелген болса, 2009 жылы олардың саны қарқынды түрде өсіп, шамамен 14 мыңға таяп қалды. Ал 2010 жылдың алғашқы айларында жеткізуші компаниялар саны 30 мыңға жетті.

Бюджеттік ұйымдарға арналған тауарлар мен қызметтерге мемлекеттік сатып алуды www.goszakup.gov.kz сайты арқылы жүргізу ел бюджетінің қомақты қаржысын үнемдеді. ҚР Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, осылайша мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржының 4,6 млрд. теңгесі үнемделген.