«1 наурызға дейін мемлекеттік органдардың өзіне тәуелді ұйымдардан сатып алуларды конкурссыз өткізу тәжірибесіне талдау жасау керек»,-деп тоқталды Премьер-Министрдің орынбасары.
Сонымен қатар, 1 сәуірге дейін мемлекеттік органдар өзінің қарамағындағы кәсіпорындардан сатып алуларды жүзеге асыру кезінде бағаның асыра көрсету жағдайына жол бермеу бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс. «Осындай ахуалдар байқалып отыр және Мемлекет басшысы тарапынан нақты тапсырмалар мен ескертулер бар»,-деді ол.
Сонымен қатар Қ. Келімбетов, отандық өнім бол тұра, оның импорттық балама өнімін сатып алуға ықпал ететін заңбұзушылақтарды анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың сатып алуларына талдау жүргізуді жүктеді.
Мұымен қоса, Үкімет басшысының орынбасары 1 сәуірге дейін тауарлар мен қызметтерге біртұтас ақпараттық жүйемен мемлекеттік сатып алуларға бірыңғай оператор құру бойынша ұсыныстар енгізу ді тапсырды.