ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мемлекеттік статистиканың 90 жылдығын батысқазақстандықтар да атап өтпек.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, мерекелік шаралар 12 қараша күні өткізілмек.
Бұл күндері Астана қаласында ҚР Статистика агенттігінде сала ардагерлеріне құрмет көрсетілуде. Соның бірі - БҚО статитика департаменті әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімінің бас маманы Татьяна Мягкова. Ол 1974 жылдан бері статистика саласында еңбек етіп келеді. Өткен жылы статистика органдарындағы жұмысының 35 жылдығын атап өткен Т.Мягкова - «Статистика үздігі», ҚР Статистика агенттігінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).