деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні қазақ тілінде шығып жатқан кейбір оқулықтардың, газет-жұрналдардың тілін қарапайым оқырман тұрмақ, мамандардың өзі түсінбей қалатындай дәрежеге жетіп отырмыз. Бұрын қазақ тілін ресми және әдеби тіл деп екіге бөліп қарасақ, ендігіде аударма тілі деген ұғым да пайда болғанға ұқсайды. Қазақстанда баршамызға белгілі барлық орталық, аймақтық органдарда ресми құжаттар орыс тілінде әзірленіп, мемлекеттік тілге аударылады. Бұндағы әрбір органның аудармашылары шетелдік сөздерді өз бетінше тәржімалап, жөнсіз терминдерді қолдануды шығарды. Тіпті терминологиялық комиссия бекітпеген терминдер де жиі көрініс беріп, нәтижесінде баспа өнімдері сауатсыз аудармалар мен түсініксіз терминдерге толып кетті.
Оның айтуынша, бұл ретте мемлекеттік тіл тазалығын сақтаудың нақты шаралары қолданылуы шарт. Осыған орай, Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасының биыл аяқталатынын айтқан депутат, алдағы жылдарды қамтитын бағдарлама шеңберінде тіл тазалығы мен терминдерді қолдану тәртібін реттейтін нормаларды енгізу қажеттігін атап өтті. «Бұл ретте «Тіл туралы» заңға арнайы өзгерістер енгізілгені де жөн», деді ол.