Мерейтойларға қатысты өткен салтанатты жиналысқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала әкімі Ислам Әбішев, облыстық және қалалақ мәслихаттардың хатшылары Василий Ахаев пен Владимир Головатюк, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, жоғары және орта білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ ардагерлер мен ақсақалдар, қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсімдеу шарасының бағдарламасын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзімен аша отырып, өз сөзінде облыстың қазіргі таңда қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын қысқаша сараптады, Қазақстан Республикасының Конституциясы талап ететіндей қолға алынып жатқан барлық шаралар ең бірінші барлық шығысқазақстандықтар өмірінің сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталатынын атап өтті.
Салтанатты жиналыстың ресми бөлімі аяқталғаннан соң, қаланың ең үздік өнер ұжымдары мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.