Меморандум аясында «Қазақмыс» корпорациясы Шығыс Қазақстан облысының бірқатар әлеуметтік нысандарын жөндеуден өткізеді

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы бейсенбі күні мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Келісімге     облыс әкімі Бердібек  Сапарбаев  пен «Қазақмыс»   корпорациясы» ЖШС-нің   басқарма төрағасы Эдуар Огай  қол қойды,   деп   хабарлады облыс әкімінің   баспасөз қызметінен

 Жаңартылған  келісімдерге сәйкес, корпорация   ұзындығы 54 шақырымдық  Шемонаиха-Секисовка      жолын   жөндеу міндеттемесін  мойнына алып   отыр.    Бұл    жолдың    жөндеу  жұмыстарын қажет еткеніне  біраз жылдың  жүзі  болған (айта кетсек,  бұл  жолды    корпорацияның мыс-химиялық   комбинатының   ауыр техникалары   көп  пайдаланады).

 Оған қоса, «Қазақмыс»   Өскемендегі футбол стадионын жаңартуға,  Глубокое ауданында екі балабақша салуға,    Жезкент қаласындағы  бірқатар  әлеуметтік  нысандарды  жөндеуден өткізуге  көмектесетін  болды.   Сондай-ақ осы меморандум аясында     көмірдің    жеңілдікті  бағамен  сатылуы     қамтамасыз  етіледі.