Амандық Ғаббасұлы қазақтың бай әдебиеті әлемдік биікке көтеріліп, қазақ шығармалары ағылшын тілінде оқылатын болғандығына ризашылығын білдіріп:
- Бұл - үлкен жетістік. Бүгін міне, Хантәңірінің мұзбалақ ақыны Мұқағали мен балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың есімдері Нью-Йорктің төрінде аталып, қазақтың мерейін асырды, - деді. Бұл ретте ағылшын тіліне аударылған екі шығарманы ағылшын тілінде сөйлету Халықаралық қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің табанды еңбегінің жемісі.
Тұсаукесер рәсіміне белгілі жазушы Смағұл Елубай қатысты.