деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының міндетін атқарушы Шынарбек Батырхановтың айтуынша, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің ұйытқы болуымен қолға алынған іс- шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 270 жас жеткіншек қатысуда. Апта бойы 16 топқа бөлінген жас туристер 9 бағыт бойынша сапарға шықты. Ауданның бес селолық округін қамтитын маршрутта табиғат сұлулығын, жануарлар әлемін, тарихи құндылықтарды, мәдениет пен өнер жетістігін қағаз бетіне, бейне таспаға түсіріп отырмақ. Ауыл тұрғындарымен сан алуан тақырыпта пікір алмасып, ой бөліспек. Бұл экспедицияға қатысу мүмкінідігіне ие болғандардың барлығы дерлік бұған дейін қалалық, аудандық, облыстық байқауларда жеңіске жеткен жас буын өкілдері. Республикамызда балалар мен жасөспірімдер, жастар туризмін дамыту мақсатында қолға алынған іс- шара мәдени-танымдық, экологиялық-өлкетану және спорттық-сауықтыру бағыттарын қамтып отыр. Алдын- ала жасалған жоспарға сәйкес, жол бойында сақтық шаралары қамтамасыз етілген. Бағыт бойынша дәрігерлік көмек, құқықтық қауіпсіздік, қиын жағдайда көмек қолын ұсыну ескеріліп, тиісті техникалық мүмкіндік қарастырылған. Жол бойы өңірдің туристік мүмкіндігін анықтауға орай «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбына арналған байқаулар, спорттық-көпшілік шаралар жүзеге асырылатын болады.