«Астана су арнасы» кәсіпорнында тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп, қосымша бригадалар ұйымдастырылады. Компанияның хабарлауынша, барлық қызметтер жұмыс істейді. Апат орын алған жағдайда кез келген уақытта диспетчерлік қызметке хабарласуға болады.
«Астана-Тазалық» ЖШС Жаңа жыл мерекесі күндері екі ауысыммен жұмыс істейді. Қала көшелерін жинауға сыпыру, жинау машиналары мен қар жинауға арналған техника шығарылады. Тротуарлар мен гүлбақтарды санитарлық тазарту жұмыстары сағат 6:00-15:00 аралығында жүрізіледі. Мұнымен қоса, тиісті жұмыстарға қосымша бригадалар тартылады.
«Астана-Тазарту» ЖШС қызметкерлері 31 желтоқсанда сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 1 қаңтар күні қоқыс шығару жұмыстары сағат таңғы 5-те басталады. Қалған күндері әдеттегідей жұмыс істейді.
Айта кетейік, Астана қаласының ішкі істер департаменті де 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін, сондай-ақ 7-8 қаңтар күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Барлығы 1500 полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады.