Өңірде жақсы танымал еңбек әулеті 1926 жылы бақташы Бешім Қызылбасов даладан жер үстіне мұнай шығып жатқанын тапқаннан кейін басталды. Бұл туралы ол айтқан геологтар осы арадан Қосшағыл жаңа кенішін ашты, міне, осыдан кейін Бешімнің мұнайшылық еңбек қызметі басталды. Оның ұлдарының бірі - Ердәулет Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрғылаушы болды. Одан кейін мұнай өндіру операторы, өндіріс шебері атанды. Оның ісін ұлы - Наурызғали Бешімов жалғастырып, мұнай өндіру ісіне 47 жылын арнады. «Мерейлі отбасы» конкурсында ол мұнайшылар әулетінің үшінші ұрпағы әулетінің басшысы болды.
80 жастағы Наурызғали Ердәулетұлы - құрметті мұнайшы және зейнеткер. Ол зайыбы Қалыш Мейірманова екеуі екі ұл және екі қыз тәрбиелеп өсірді. Ақсақал қазір он немересінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Оның барлық балалары мен немерелерінің үлкендері де өз өмірлерін мұнай өнеркәсібіне арнауда.