Жаппаров Мергенбай Баймендіұлы 1960 жылдың 6 ақпанында Қарағанды облысы Шет ауданының Ағадыр кентінде дүниеге келді. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1995 жылы - Қарағандыдағы ҚР ІІМ-нің жоғары мектебін тәмамдады. 1987 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарады.
Еңбек жолын Жезқазған облысындағы Ағадыр аудандық атқару комитетіндегі ішкі істер бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша инспекцияның инспекторы болып бастады. 1992 жылдан бастап Ағадыр АІІБ-нің қылмыстық іздеу бөлімшелерінде қызмет атқарды.
2008 жылдың қараша айынан бастап Қарағанды облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.
Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалды.