Метрополитен-мұражайына келуші Пикассоның туындысын зақымдады

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Метрополитен-мұражайында төтенше оқиға орын алды. Мұражайға келуші Пабло Пикассоның туындысы зақымдады,

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы. Көрермен әйел туындыны абайсызда зақымдап алуының салдарынан, мұражай суретшінің «Актер» картинасын реставрацияға беруге мәжбүр болып отыр.

Теңселіп барып, байқаусызда қолы картинаға тиіп кеткен әйел, оның бетінде тігінен 15 сантиметрдей жырық қалдырды.

Көрме кураторының айтуынша, суреттің орта бөлігі зақымданбаған. Мұражайдың коллекциясында Пикассоның 250 картинасы бар көрінеді.