Кездесуде студенттер кандидатқа сұрақтар қойып, білім беру, мәдениетті дамыту, саясатпен қатар экономика мен ұлттық қауіпсіздік тақырыптарын да көтерді.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 1937 жылы құрылған. ЖОО-да 6 факультет, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты, сондай-ақ кәсіподақ жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.