Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен брифинг барысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин мәлім етті.
Ұшулардың Жауынгерлік парадқа дайындық іс-шараларына еш қатысы жоқ екендігін айтқан ол: «Жаттығулар ұшу құрамының жауынгерлік кезекшілікті жүргізу дайындығы жоспарына сәйкес орындалған болатын. Ұшқыштар кез келген ауа райы жағдайында, тәуілктің кел келген уақытында жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын болуы керек», - деді.
Бас қолбасшының атап өтуінше, экипаж кез келген ауа райы жағдайында күні-түні ұшуға дағдыланған. Олардың ұшу элементтерінің барлық жаттығуларын орындауға рұқсаты бар.