Францияның жоғары наградасын Шумахерге Матиньрн сарайында француз премьер-министрі Франсуа Фийон табыс етті, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Өзі де автожарыс әуесқойы болып табылатын Франсуа Фийон, «Формула-1» жарысының еңбек сіңірген пилотын құттықтай келе, награда саны бойынша Шумахердің «Формула-1» жарысында аты аңызға айналған аргентиналық Хуан Мануэль Фанхиодан басқа, бірнеше жыл бойы ешкімге дес бермегенін» атап көрсетті. Михаиль Шумахер қазіргі таңда жеті дүркін әлем чемпионы.