«Миланда» доп тепкен футболшы елордалық команда сапын толықтырды

Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM – 33 жастағы Александр Меркель «Жеңіс» клубымен келісімшартқа отырды. 

Футболшы елордалық командада 52-ші нөмерлі жейдемен өнер көрсетеді.

Миланның түлегі А сериясыннан бөлек Англия, Нидерланд, Түркия, Иран чемпионаттарында доп тепкен. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Темірлан Анарбековтің UEFA Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары қатарына енгенін хабарлаған болатынбыз.