Миллиардер Джим Роджерс, ЖБИ авторы Ксавьер Сала-и-Мартин және басқалары «Astana Invest» форумына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев «Astana Invest 2015» VI халықаралық инвестициялық форумының ерекшеліктері жайлы - шара қонақтары мен спикерлері туралы, қала басшылығының Астананың мүмкіндіктерін қалай көрсететіні туралы айтып берді, деп хабарлады astana.gov.kz.

2015 жылғы 28-30 қазанда Астана әлемнің 20-дан астам елінен делегаттарды - әлемнің ең жас астанасында әлеуетті инвесторлар мен ауқымды халықаралық жобаларды іске асырғысы келетін ірі бизнесмендерді қабылдайды.

Н. Әлиев «Форум шетелдік бизнес қауымдастығы үшін Астананың инвестициялық мүмкіндіктерін көрсете отырып, бірегей алаң құрады», - деп атап өтті.

Форумның өзі бір күндік оқиға ретінде белгіленбеген. Қалалық басшылық бірнеше күн бойы Астананың даму мүмкіндіктерін инфрақұрылым, тұрақты және инновациялық даму мен қазіргі заманғы муниципалдық көлік саласындағы толыққанды хаб ретінде көрнекі түрде көрсетпекші.

Осылайша, іскерлік бағдарлама шеңберінде Астананың Индустриалды парктеріне инвестициялық тур, әлемге әйгілі коучерлерден мастер-класс, B2B және B2G кездесулері, және, ең бастысы, Форумның Бас сессиясымен 1000 аса қатысушылармен жұмыс жоспарланған. Форум алаңы инвестициялық жобалардың шамамен 70 көрме кешендерін, «Smart city», EXPO-2017 және «Астанада жасалған» павильондарын көрсетеді.

Форумның Бас сесссияына шетелдік атақты миллиардер Джим Роджерс, Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның (Давос) Бас кеңесшісі, жаһандық бәсекеге қабілеттілік Индексінің авторы Ксавьер Сала-и-Мартин, Тіршілік үшін жайлы қалалар орталығының даму мүмкіндіктері бөлімшесінің директоры О Туан Ки, World Free Zones Organization бас директоры Самир Амруни және басқалары қатысады.

Бас сессияның шарықтау шегі «fDi» журналының бас редакторы Кортни Фингардың «fDi's Global Free Zones of the Year Awards 2015» рейтингісі сертификаттарын табыстауы болмақ. Нұрәлі Әлиев «Астана жаңа инвестициялық мүмкіндіктер бойынша рейтингтің жоғары бағасын алды, Орталық Азия бойынша санаттарда және Азияны құрметпен еске алу бойынша жеңімпаз болды», деп атап өтті.

«Инвестициялық форумның ерекшелігі, нәтижесінде қазақстандық және шетелдік компаниялармен сомасы 500 млн. АҚШ долларына жуық сомаға меморандумдарға қол қою күтілуде, 100-ге жуық B2B және B2G кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда» - деді Нұрәлі Әлиев.

Алғаш рет қазақстандық форумның ақпараттық әріптесі - әлемге әйгілі «CNN» медиа-холдингі болмақ.