«Миллион тұрғыны бар қалаларды қалыптастыруға барынша көп көңіл бөлемін. Өйткені, ірі қалаларда жаңа технологиялар жасалады. Бұл әлемге белгілі тәжірибе», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы осы бағытта республикалық бюджеттің басты доноры, мәдени және туристік орталық ретінде Алматы қаласы көшбасшы болып келе жатқандығын атап өтті. Оның айтуынша, қазір кезде Алматының қатарына Астана мен Шымкент қосылып келеді.