Министр Дархан Қыдырәлі «Qazcontent» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына мүше болып сайланды
18:37, 14 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Qazcontent» АҚ Директорлар кеңесі құрамының мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлінің»Qazcontent«акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамына сайлануын қамтамасыз етсін» , - деп жазылған Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.
Құжат қол қойылған күннен, яғни 10 мамырдан бастап күшіне енді.