Министр Президентке ведомствоның ағымдағы жұмысы және ішкі істер органдарын реформалау барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың тиімділігін арттыруға, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі бизнесімен және заңсыз көші-қонмен күресті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.