«Емдеу тегін болады. Себебі бұл шұғыл жағдай. Ол медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді», - деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, ол зардап шегуші азаматты емделуден кейін сауықтыруға байланысты барлық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетіндігін атап өтті.
«Бұл пациенттердің барлығын бақылауда ұстаймыз. Психологтар көмегінің мұнан ары да жалғасқаны маңызды. Материалдық көмекке қатысты айтар болсақ, оны кімге қанша және қандай көмек көрсету керектігін жергілікті атқарушы органдар шешеді», - деді министр.
Бұған дейін ұшақ апатынан зардап шеккен 3 адамның ауруханадан шыққанын хабарлаған едік.