Мокко циклоны: Бангладеш пен Мьянма жағалауына жойқын дауыл келді
16:39, 14 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бангладеш пен Мьянма жағалауларына қуатты циклон келіп, бесінші деңгейлі дауыл соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Мокко циклоны нөсер жауын мен 195 км/с дейін жылдамдықтағы жел әкеледі. Оның салдарынан Бенгал бұғазы маңында қауіпті су тасқыны болуы мүмкін.
Төрт метрге дейін биіктіктегі толқындардың кесірінен ауылдарды су басуы, әлемдегі ең ірі босқындар лагері саналатын Кокс-Базарға қауіп төндіруі мүмкін. Онда миллион адам тұрады.
Синоптиктер Мокко Бангладеште соңғы жиырма жылдағы ең қуатты циклон болуы мүмкін екенін ескертті.
500 000-ға жуық адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.