Монополияға қарсы агенттік азық-түлік тауарлары нарығындағы бағаның негізсіз қымбаттау жағдайымен белсенді күресуде

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі азық-түлік нарығындағы бағаның негізсіз қымбаттау жағдайымен белсенді түрде күресуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Ішкі және сыртқы нарықтағы азық-түлік бағасының жағдайына мониторинг жүргізу, ішкі нарықты қорғау мен азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтау жөніндегі жұмыс тобы өткен сейсенбі күні Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық бөлімшелері бойынша азық-түлік тауарлары нарығының субьектілері қатысуымен азық-түлік тауарлары нарығындағы бағаны реттеу бойынша кеңестер өткізді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Монополияға қарсы агенттіктің сендіруінше, жалпы алғанда азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты түрде қалпына келтірілуде, азық-түлік тауарлары нарығындағы бағаның негізсіз қымбаттауы мен дефицит жағдайын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.