Монреальда Гаитиге көмектесу мәселесіне арналған конференция өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Монреальда «Гаити достары» деген тақырыпта министрлер деңгейіндегі конференция өтеді,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Форум жұмысына Канада, АҚШ, Бразилия, Франция сыртқы істер ведомстволарының басшылары, Жапония, Чили, Мексика, Перу, Уругвай, Аргентина, Коста-Рика елдерінің өкілдері, сондай-ақ Еуроодақ, БҰҰ халықаралық ұйымдары мен Дүниежүзілік валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Американаралық даму банкі, Кариб даму банкі сияқты қаржылық институттардың өкілдері қатысады.

Конференцияға сондай-ақ, Қызыл Крест, «Оксфам», Кэнада кэр» сияқты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де шақырылған. Форумда Гаити премьер-министрі Жан-Макс Беллерив сөз сөйлейді.

Мәжіліс БҰҰ Бас хатшысының Гаитидегі арнайы өкілі Эдмонт Малеттің Гаитидегі қазіргі жағдайға арналған баяндамасымен басталады, одан кейін қатысушылар арал-мемлекетті қалпына келтірудің ұзақмерзімдік жоспарларын талқылауға кіріседі.