«Москва үшін шайқас»: Қиын жағдай, жылы хат

АСТАНА.ҚазАқпарат - 95 жылға жуық тарихы бар, еліміздегі тұңғыш Халықаралық дәрежедегі ҚазАқпарат агентігі Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романын назарларыңызға ұсынады. Б.Момышұлының бұл туындысы қазақ әдебиетінде соғыс тақырыбына жазылған алғашқы үлкен шығарма болып есептелінеді. Шығармада қанды соғыстың қатігез бейнесі шынайы бейнеленген.

***

Аспанда алақандай бұлт жоқ. Қап-қараңғы. Үй ішінде чемодандар, портфельдер, планшеттер, автоматтар, дүрбілер, компастар, телефон аппараттары жатыр. Бұл Матренино мен 151,0 биіктігінен Борисов пен Рахимов әкелген олжалар - трофеялар. Бірнеше майшам жағылған жеркепеде кезекші телефонистер отыр. Біздің аспазшымыз Жан Файзиев тамақ жасап жүр. Синченко мен Курбатов әкелінген олжаларды іріктеп отыр. Командирлерден жалғыз мен ғана. Қалғандары түнде істелетін шаруаларды реттеуге кеткен. Күндіз біз көп едік. Бір рота капровтықтар, саперлер, артиллеристер. Авиация да біраз көмектесті. Горюны - тас жолдағы ең бір мықты бекініс еді. Оны күні бойғы қиян-кескі ұрыста біз де байқадық, жау да байқады. Ал, қазір жалғыз қалғандаймыз. Шынын айтсақ, күшті қарудан танкіге қарсы оқ ататын 6 пушка ғана, содан кейінгісі жаяу әскерлер. Басқалары дивизияның негізгі күшіне қарай ауысты. Мен картаны ашып қойып қарап, ақпар жазып отырмын. Күні бойғы соғысты қысқа тұжырымды етіп жазбай, ұзақ баяндап жібергеніме өзіме-өзім наразымын. Әдетте жоғарыға жазғанда командир ең соңында бөлек бір тармақ етіп, енді не істейтінін баяндайды да, үлкен командирге қояр тілегін жазады. «Менің шешімім...» деп жаңа жолды бастадым да, әрі қарай жаза алмай отырып қалдым. Өйткені не істейтінімді өзім де айқын елестетіп отырған жоқпын. «Меніңше, Горюны мен Матрениноны шама келгенше қорғау. Ол үшін 151,0 биіктігін тастап, Горюнының гарнизонын екінші ротамен күшейтіп, Матренинода қорғанып жатқан бірінші ротаға екі қалқанды пулемет жіберу...». «Сізден сұрайтыным» деп жаңа жолды бастадым. Осы cәттe кіріп келген Толстуновқа мен жазғанымды толық оқып бердім. «Берік бекініс жасау», «күшейту» деген сездерді біртүрлі ызалана оқыдым. Адам қажығанда шамадан тыс нәрсеге осылай келеді. Толстунов:

- Несі бар, дұрыс жазылған. Басқа қандай әңгіме болуы мүмкін, - деді. Оның бұл сөздерін естімегенсіп, ары қарай оқи бердім де, «Сізден сұрайтыныма» келгенде тоқтадым да қалдым.

- Иә, нені сұрағың келіп еді?

- Meн «Сізден сұрайтыным...» деп жаза бергенімде сен келіп қалдың.

- Мен саған бөгет болдым ба, сонда?

- Осындай жағдайда не сұрайсың, Федор Дмитриевич?

- Дұрыс айтасың, ештеңе сұрама. Бізді мұнда жалғыз тастау генералға да оңай тиіп отыр дейсің бе!

...Хаби Рахимов, Бозжанов, Борисов, Степановтар келді. Олар түнде істелетін шаруаларын жайғастырып болғандықтарын айтты.

- Байқаңдар, жігіттер, - деді Толстунов даусын қатаңырақ шығарып, - жауынгерлер ұйықтап қалып жүрмесін. Күні бойы әбден қалжырады ғой олар.

- Барлығы да ескерілді, жолдас аға политрук, - деді Бозжанов.

- Мысалы менің ротамда бес адамнан бір топ құрылды. Яғни бір адам бес адам үшін жауап береді. Ал, бес адам бір адам үшін жауап береді. Біреуі тік түрегеп, айналаға қарап тұрса, екіншісі жерде отырып оны қарап отырады. Қалғаны бір-екі сағат ұйықтайды да, одан кейін түрегеп тұрады. Оның орнына екіншісі тынығады. Рахимовты Синченко мен Курбатовтың олжа дүниелерді реттеуі қанағаттандырмады. Ол өзіне тән ұқыптылықпен барлық документтерді алды да, әдемілеп қаттады. Документтер мен олжа дүниелер дивизия штабына жіберілді. Түн ортасында мені Рахимов оятты. - Сізге полковник Серебряковтан хат келді, - деді ол. Ұмарланған дәптер бетінде қызыл қарындашпен жазылған біздің дивизияның штаб бастығы полковник Серебряковтың мынадай сездерін оқыды: «Жолдас Момышұлы! Генерал да, біздің барлығымыз да сіздің жұмыстарыңызға ризамыз...» Осы бір хаттың алғашқы жолдары әлі күнге дейін есімде. Одан әрі полковник қай полктың қай жерде екенін, не істеп жатқанын жазыпты. Генерал қолбасшыға кетіпті. Бізге рахмет айтып, алдағы уақытта абыройлы бола беруге тілек білдірген көрінеді. Майдан өмірінен осы бір әңгімені жазып отырған сәтте қазір қаза болған Иван Ивановичтің - қарт орыс полковнигінің, ұстазымның сол хатының қолымда жоқтығына қатты өкінем. Бұл хат бізге берілген тұңғыш награда еді. Сондықтан да аса ыстық көрінеді. Хат жүрегіңді жылытып жіберетін шын ықыласты хат еді. Әкімдіктің ешбір нышаны жоқ, бұйрық сипатты ресми де жазылмаған. Қарапайым дос жүрегінен шыққан ыстық сөзі еді. Бұл хатты әскери билетіммен бірге сақтап, 1942 жылдың июль айының аяғына дейін ұстадым. Москва түбінде болған талай ұрыстарда өзіммен бірге алып жүрдім. Холм ауданындағы Васильево деревнясында Талғар полкының бір жылдығын тойлағанда ол хатты автордың өзіне, полктың «көгілдір» клубында салтанатты жиналысында тапсырған едім. Онда менің әскери атағым майор болатын. 1942 жылдың 31 июлінде біз полктың құрылғандығына жылға толуына арналған салтанатты жиналыс өткіздік. Жиналысты қысқаша сөз сөйлеп, мен аштым. Осы жиында полковник Серебряковтың хатын түңғыш рет көпшілік алдында оқып, өзіне тапсырдым. «Қорыққан да, қуанған да бірдей» деген емес пе, алғашқыда Иван Иванович біраз абыржып қалды да, хатты ұзақ сақтап қайта өзіне тапсырғаныма қатты қуанды. Кейіннен бұл хат дивизия штабының оперативті бөлімінің ісіне тігіліп қойылды.

ТЫҚСЫРУ ШЕҢГЕЛІНДЕ

Бұл түн күндегіден тыныш өткендей болды. Армия штабынан генерал Панфилов Горюны жаққа механизацияланған бригада келетіндігін хабарлады. Маған уақытша сол бригаданың командиріне бағынуға бұйрық берілді. Горюны арқылы моторланған толық екі батальон, 12 машинасы бар бір танк батальоны өтті. Танктердің біреуі ауыр «КВ» танкісі. Олар Горюны мен Матрениноның арасындағы орманға кірді. Келсем, бәрі жайбарақат демалып жатыр. Мен бұған қатты таңырқадым. Командирінің орынбасары орта бойлы, қара торы, үшкір мұрынды подполковник екен. Жағдаймен, бригаданың не үшін келгенін мүлде білмейтін боп шықты. Бар болғаны бригада командирі мен штаб начальнигінің Армия штабына кеткенін айтты. Не де болса, солар біліп келмек. Оған осы маңға жегіп жайғаса бер деген бұйрық қана беріліпті. - Командир келгеннен кейін не істейтінін айтар, қажет болса сізді де шақыртар, әзірше бара беріңіз өзіңізге, жолдас аға лейтенант, - деді ол маған. Мен штабқа келгенде Рахимов немістердің ту сыртқа шығып, дивизияның басқа бөлімдерімен соғысып жатқандығын, жан - жақпен байланыстың үзілгендігін айтты. Барлаушылардың айтуына қарағанда біздің айналамыздағы деревнялардың барлығын немістер алып қойыпты. Кей жерлерде болған қарсылықтарды баса-көктей жаншып, біздің әскерлердің негізгі бөлек жатқан жаңа шепке қарай жылжып бет алыпты. Енді солармен соғысып жатқан көрінеді. Жау біздің екі жағымыздан орала айналып өткен. Бозжанов пен Краев жағдайға байланысты дереу жаңа шепке орналасты. Беталыстары енді шығыс және солтүстік - шығыс жақ. Күндізгі сағат 12-ге дейін Горюнының түбінде және Матренинода қоршауда қалған бізді неміс барсың ба, жоқсың ба демеді, елемей қойды. Әскери атағы да үлкен, оның үстіне полк штабынан келген офицер бір септігі тиер деп Толстуновты әлгі бригадаға жібердік. Ол бұлқан-талқан боп ашуланып қайтты. Бригада командирінің орынбасары оған да маған айтқанын айтыпты. Бригада өздеріне тамақ әзірлеп, нағашысының үйіне қонаққа келіп жатқандай жайғасқан көрінеді. Жаудың жан-жақты айналып, ілгері өтіп кеткенімен, неше күн бойы қасарысып, енді міне қоршауда қалған бізбен әлгі орынбасардың шаруасы жоққа ұқсайды. Бригадада военторгтың азық-түлік тиеген автобусы бар екен. Толстунов содан неше күн бойы қалжыраған адамдарға біраз зат сатуды өтінген тілегін әлгі подполковник құлағына да қыстырмапты. Толстуновтың әбден құса болғандығы сонша, тіптен тұтығып кетіпті.

- Жолдас комбат, мен сенің аға адъютантың емеспін ғой, - деді ол айқайлап.

- Мұндай адамдарға ендігәрі мені жіберуші болма. Анау подполковнигің соғысу үшін емес, мына орманның ішіне демалу үшін келген қу...

- Сен оның өзіне тура солай деп айттың ба?

- Айтайын деп едім, бірақ...

- Е, онда маған неге айғайлайсың. Ол Кирсанов емес, Курганов емес. Командирі келсін, сонан кейін сөйлесейік...

- Гәп сонда боп тұр ғой, оның командирі келмейді, ал подполковник келмейтін адамды күтіп, өз тарапынан ешбір әрекет жасағысы келмейді. Күндізгі сағат екіге қарай немістер бізге көңіл аударайын деді. Неге екені белгісіз башняларын қызыл матамен орап тастаған бірнеше танктері келеді. Рахимовты бригада командирінің орынбасары подполковникке жібердім. Толстунов Краевқа кетті. Мен Бозжановтың бақылау пунктінде тұрмын. Немістер аса коп емес. Бес-алты танк, екі ротадай жаяу әскер. Біздің зеңбірекшілер алдында келе жатқан екі танкті дәл атып тоқтатты. Сөйткенше болған жоқ, олардың снарядынан біздің бір орудия расчетымен быт-шыт болды. Жауынгерлер пулеметтен, мылтықтан оқ атып танктердің артында келе жатқан жаяу әскерлерін жер қаптырды. Міне, қазір бригададан кемінде бір батальон шыға келеді, немістерді быт-шытын шығарып, кейін қуып тастайды деп күтіп отырмын. Бірақ, жүгіріп жеткен Рахимов ентігіп:

- Түк те көмек күтпей-ақ қойыңыз, подполковник әлі ойланып болған жоқпын деп отыр. Рахимов Краевка кетті, мен штабқа келдім. Подполковникке телефон соғып едім. Ол «Мен әлі шешім қабылдай қойған жоқпын, әзірге өздерің соғыса тұрыңдар, жағдай кейін қандай болар екен, көрерміз» деді. Түкке түсінсем бұйырмасын, подполковникке әлде бригаданы мезгілсіз соғысқа салмайын дей ме, болмаса сасқалақтан, не істерін білмей отыр ма? Соншама күш өз қолымда болар ма еді, - деп зығырданым қайнады. Лаж жоқ. «Кісідегінің кілті аспанда» деген осы. Тұңғиық ойға шомып отырмын. Қанша уақыт өткенін де білмеймін, бір уақытта штаб планшетін қолтығына қыса сала Степанов мені есікке қарай сүйреді. Біздің шығар жерімізде көлденеңдеп немістің танкісі тұр. Басымызды сұғып қарап едік, бір неміс башяның қақпағын ашын жатыр. Оның басы ғана көрінеді. Степанов атып кем жіберді. Әлгі неміс суға сүңгігендей жып берін қайта жоқ болды. Өзіміз тұрған үйдің бұрышынан өте бергенімізде, менің артымда келе жатқан Курбатов танктің ішіне граната лақтырып жіберді. Бір уақытта гүрс еткен дауыс естілді. - Тағы да граната бар ма? - деп сұрадым мен Курбатовтан. - Енді біреуі бар. - Таста оны башняға. Курбатов мысықша жылжып, үйдің қабырғасымен жабысып кетіп барады. Бір кезде бұрыштан бұрылып жоқ болды. Оның басы қайта көрінгенде, тағы да гүрс еткен дауыс естілді. Апай - топай сыртқа жүгіріп шықтық. Темір жол төмпешігінің жанына келсек, Рахимов, Краев, Хасенов тұр екен. Сөйтсек, неміс танкісі бізге басқа жақтан келіпті. Таң атқалы қаңғырып бос қалған үйлерді танкімен таптап жүрген неміс экипажы бүл үйде біздің батальонның басқару пунктінің бар екенін қайдан білсін. Білсе ғой... Осы үйді қалқалап тұрып, бір бұзылған жерін жөндеп алуды ойлағанға ұқсайды. Білсе ғой... зеңбіректен бір-екі снаряд жіберіп, біраз оқ атса болды, бітіп жатырмыз. Танктен ешбір дыбыс жоқ. Осыдан 20 минут бұрын өлердей қорқып қашқан үйге қайта оралдық. Келсек, аспазшы Жан Файзиев ыңылдап өзбекше өлең айтып, үлкен бұхар пышағымен ұсақтап ет турап отыр. Оны алғаш көрген Степанов: - Джан, сен мұнда неғып отырсың? - Файзиев орысша жақсы сөйлей алмайтын. Атып тұрып, сіресіп қатып қалды:- Я, товарищ командир, обед делаед, обед хороши, мостава буйдет. - Сен бүл арада қалай к алып қойдың? - Я сидит работает, вдруг стрелает, все бижал. Я ножик забывал, абратна бижал. Надо ножик, мясо, рис возми. Я взял, бижал. Тут танк стоял. Большой бзрыб полушился. Я бижал назад, карават лижит. Я все лижит, нишево нету. Вставал пошел, танк стаял, окно смотрит все командыр идет, я сидимся работаем, обед мостава буйдет. Джан осы сөздердің өзін қиналып ұзақ уақыт айтты. Рахимов кіріп келгенде ол қолын кеудесіне қусырып, өзбекше отыра қалды Да: „ - Ва, акажан! Бұлар немэ деп тұрыпты ю? - Санға не болди ишләй бэр аухатлариңни! - Хұп, акажан! Рахимовты Жан піріңдей санаушы еді. Біздің ешқайсымыз өзбек тілін білмейтінбіз. Ал, Рахимов өзбекше судай ағып түр, әсіресе, бүл халықтың тамақтарының аттарын, оны жасаудың жолдарын бүге-шігесіне дейін білетін еді. Жанмен ол тек өзбек тілінде ғана сөйлесетін, «түз салу, бұрыштау», «ет турау» жөніндегі нұсқауларды тек өзбек тілінде ғана беретін. Біз Жан әзірлеген тамақты жер-көкке сыйғызбай мақтайтынбыз. Ал, Рахимов одан әрдайым бірдеңе тауып отыратын. Жан қажетті заттардың бәрінің сайма-сай еместігін айтып, оның алдында ақталғысы келуші еді. Ұрыс жоқ кезде Рахимов қазанның қасында қақиып Жанның басқан - тұрғанының бәрін қалт жібермеуші еді. Кейде өзі от жағып отыратын. Ал, Жан терлеп-тепшіп оның айтқандарын шып - шырғасын шығармай орындап жүреді. Біздің қазақтарда еркектердің көбі қазан-ошаққа араласуға арланады. Оны әйелдің жұмысы деп есептейді. Әйелдердің өзі де соған үйреніп кеткен. Елде жүргенде бір күні менің қазан - ошаққа үйірлеу бір жолдасым тезірек тамақ ішкісі келген соң, ықыласымен көмектесейін - ақ деп асханаға барса «бүл үйде қатын мен бе, сен бе» деп әйелі оны қуып шығыпты, «кім шақырды сені мұнда, өзім - ақ жайғастырам» деп ұрсыпты. Әлгі «байғұстың» ұялғанынан сөлпиіп қайтып келгені әлі есімде. Ал, Рахимов бізде мүлде басқаша еді. Кәдімгі тәжірибелі аспазшыдай тамақтың барлық жайын білетін. Бозжанов оған біздің батальонның «байсалды бәйбішесі» деп қалжыңдайтын. «Мен қыз болсам өлсем де Хабиға бармас едім», «Егер Хаби Хаби болмай, Хабиба болса, мен қалың малға тоқсан түйе салсам да үйленер едім» деп те күлетіні бар-ды. Шынына келсек, ондай өнері бар оз жолдасымызды мысқылдау, әрине, дұрыс емес еді. Күндізгі сағат екіге қарай немістер Горюныға шабуылды қайта бастады. Неміс батальонының қимылын артиллериясымен танктері қолдады. Ұрыс екі сағатқа созылды. Жау бізді барған сайын қысып келеді. Толстунов әлгі бригаданың штабынан тағы да көңілсіз оралды. Подполковник «әзірге тыңдай тұрыңдар, күн батып қалды ғой, мен кешке қарай шешім қабылдаймын» депті. Біздің қанға боялып жатқанымыз мынау. Аса ұзаққа шыдай алмайтынымыз белгілі. Жау тағы бір-екі рет шүйіліп берсе, Горюныға қарай тайып отыруға мәжбүрміз. Мұны қабырғама батса да, Толстунов пен Рахимовқа айттым. Толстунов жаны түршігіп артқа қарады да: -Рас,халіміз нашарлап барады. Мен тағы да барып келейінші, - деді.- Барыңыз, айтыңыз. Біз енді бір сағаттан артыққа, әрі кеткенде бір жарым сағаттан артық шыдай алмаймыз. Ол ең болмаса сақтанып өзін-өзі қорғасын. Толстунов тағы кетті. Орман жиегіне жақын деревняның шетінен немістің танктері және әскерлер көрінді. - Жолдас комбат, - деді Бозжанов сыбырлап маған, - көріп тұрсыз ба? - Көріп тұрмын. - Не істейміз? - Әзірге үндемеңдер. Шабуылға шыққан кезде сен оң жағынан, Краев сол жағынан оқпен қапсыра шабақтаңдар. Кенеттен артиллерия бұрқыратып берді. Гүрс-гүрс жарылып әр-әр жерден қара құйын көтерілді. Немістер Горюныға сұқсырдай қадалып, үсті-үстіне ұрып жатыр. Көп атқан жоқ, бірақ есті шығарып жіберді. Снарядтардың түтіні басылмастан шиқылдап, ауық-ауық от алып, моторлары гүрілдеп танктер жылжып берді. Тас жолдың бойымен шабуыл жасап келеді. Болат тасбақалар зеңбіректерінен жалын құсып, пулеметтерінен оқ нөсерлетіп апшыны қуырды. Олар қаз-қатар тізіліп, ақырын жылжып келеді. Өздеріне өздері сенімді маңғаздана, алдында қандай күш болса да утюгтей басып өтетін кейіппен қозғалып келеді. Біздің танкке оқ ататын екі орудиямыз аузын ашып та үлгермеді, олардың снарядпен үндерін өшірді. Бүл жолы жаудың жаяу әскері танктердің артына ілескен жоқ, олар әрменірек қалды. - Яғни, жау ең алдымен бізді біраз танктердің болат бауырымен утюгтеп алғысы келген екен. Ал, содан кейін... - Ол дұрыс шешкен, - деген арт жақтан Толстуновтың үнін естідім, - ал сен қалай шештің, - деп сұрады ол менен жалт бұрылғанда. - Горюныны тастап, орманға қарай шегіну керек. - Онда неғып тұрсың? - Рахимов! Краев пен Бозжановқа айт, орманға қарай шегініп, бекінсін сонда. Тас жолдан Горюныға жаудың жаяу әскерін өткізбесін деп бұйырыңыз. Ал, мен ана бригадаға барам, - дедім де жүріп кеттім. Көңілсізбін. Біз ақырын жүріп келеміз. Үн жоқ, тым - тырыспыз. Сыртқа еш сыр шығармай ауыр қайғыда жүретін аналар сияқты командир де соғыста оз қайғысын сыртқа шығара алмай тұншығады. - Жолдас комбат, сен аса қайғырма, - деді жұмсақ даусымен Толстунов. - Жігіттер ешнәрсе аяған жоқ қой. Тырысып - ақ жатыр, қайтсін енді. - Бүгін он сегізі ме өзі? -Жоқ, он тоғызы. Батальон генералдың бұйрығын орындады. Тас жолды екі тәулікке жуық ұстады. ...Орман шетіне орналасқан бригадаға жете бергенімізде ашаңдау келген капитан байбалам салып, айқайлап жүр екен. «Бекініңдер, машинаны оталдырыңдар, тездетіңдер!». Экипаждар машиналарына қарай тұра - тұра жүгірді. Бірақ от алдырып болған соң тағы да нұсқау күтіп қарап түр. Горюньшың шетіне неміс танктері жылжып жетіп қалды, тұра қалды да бірнеше снарядты бригада орналасқан орман жаққа атып-атып жіберді.Снарядтың бір жарықшағы безек қағып жүрген капитанды сол қолынан жарақаттандырды. Машинадан машинаға безектеп жүрген капитан: «Бекініңдер! Мен жаралымын» деп айғайлайды. Біреулерді балағаттап та жүр. Біздің жақтың КВ-сы оқ ата тұра алға ұмтылды. Оның дәл тиген снарядынан Горюнының шет жағына тоқтаған неміс танкісі лап етіп жана бастады. KB бар екпінімен артына бауырынан астына кесек бұрқыратып, ілгері қарай зымырап барады. Горюнының шеткі бір үйінен өтіп, көрінбей кетті. Бірақ КВ-ның соңынан еш машина ермеді. - Жолдас капитан, бірнеше машина жіберсеңізші, КВ-ға көмектессін, - деді Толстунов. - Маған қорғану керек деп бұйырылған, қарсы шабуылға шық деген жоқ, - деді капитан. - Әй, мына жүгенсіз кепсен иттің баласын - ай, э... (Жаңағы танкке айтып түр). KB қайта бар пәрменімен зытып келеді. Неміс снаряды КВ- ның башнясына қиғаш тиді де, жарқ етін рикошеттеді - тайып ұшты. Бозжановтың айтуына қарағанда әлгі батыл KB бір үйді паналап тұрып, немістің торт танкісін жайратыпты да, қайта зытыпты. Біз бригаданың ін табына келсек подполковник жиналыс өткізіп жатыр екен. Мен подполковниктен қарсы шабуылға шығып, Горюнының алуды сұрадым. Біздің екі ротаның жау танкісінің шабуылынан бөлініп жолдың екі жағында қалғандығын айттым. Бірақ олардың тас жолға оқ атып, жаудың жаяу әскерін жібермей бөліп тастағандығы да баяндалды. - Қарсы шабуылға шығып асығудың қажеті жоқ, - деді подполковник алдында жаюлы жатқан картаға қарап. - Мен әлі шешім қабылдаған жоқпын... - Менің танкім деревняға шабуыл жасап барып еді, онда ешкім де жоқ екен, - деді подполковниктің сөзін бөліп капитан. - Бұлар деревняны тастап кетіпті. Жынымның келгені сонша, әлгі капитанға әйтеуір аузыма түскен қатты сөздерді айттым. - Аға лейтенант күні бойы соғыстан қажыған соң ашынып түр ғой, - деп подполковник маған басу айтқандай болды. - Ал, капитан болса соғыста жараланды, - деп оның да көңілін жыкпады. - Капитан сіздің түңғыш «батырыңыз» деме тұңғыш «құрбаныңыз да», - деді Толстунов ызалана. - Оны наградаға ұсынуыңызға болады, жолдас подполковник. Толстуновтың бұл сөзін естігендер шыдай алмай күліп жіберді. Капитан не дерін білмей сасып қалды. - Сіздер бара беріңіздер. Мен мына жиналысты бітіремін. Содан кейін шешім қабылдаймын, шақырармын, -деп бұйырды подполковник. Біз күттік. Күн батып барады. Горюныдан орманға, орманнан Горюныға қарай атыс. Бірақ бүл атыс қаншаға созылар дейсің. Қараңғымен бірге саябырсыр. Екі сағаттан кейін мені бригаданың штабына шақырып байланысшы келді. Түн ішінде сүрініп, жығылып бес адам келе жатырмыз: мен, Толстунов, Рахимов және екі байланысшы жауынгер. Біз штабқа кіргенде электр лампысының жарығы көзімізді ұялтты. Келгендігімізді баяндағаннан кейін подполковник орнынан тұрып, екі қолымен столдың екі жағынан сүйеніп картаға қарады да, былай деп бастады.- Менің бұйрығымды тыңдаңдар! - Барлық командирлер орнынан тұрды. - Отырып тыңдаңдар, - деді подполковник картадан көзін айырмай. Командирлер отырды. - Горюныны үш жағынан шабуылдап алдымыздағы жауды жойып, Горюныны алуға бекіндім. Н. батальоны - дегенде - сол батальонның командирі ұзын бойлы, ашаң жүзді майор орнынан тұрды. - Машинасыз тас жолдың аржағына өтіп, орман ішінен шабуылға шығатын мына жерден орын әзірлеп, - деп сұқ қолымен картаны шұқыды. Майор өз командирінің бұйрығын қалай болса солай тыңдап тұр. - Үш қызыл ракетамен белгі берілсін. Сол белгі бойынша ең алдымен Н батальоны шабуылға шығып, мына аймақты алсын, - деп картаны тағы нұсқады. Мен орнымнан тұрдым, үн қатпадым. - Ол үш ақ ракетамен белгі берсін. Содан кейін танк батальоны шабуылға шығып, деревняның қалған жағын алсын. Ал, Н. мотобатальоны менің резервімде болсын. - Бұл сөзді айтқан кезде тапалтақ капитан орнынан тұрды. Горюныны алғаннан кейін мен тағы да қосымша шешім қабылдаймын. - Н. мотобаталъонының командирі бұйрықты қайталаңыз. - Майор орнынан тұрып подполковниктің айтқанын сөзбе-сөз қайталады. Маған кезек келгенде орнымнан тұрдым да: - Мен сіздің бұйрығыңызды түсінген жоқпын, жолдас подполковник. Сондықтан оны қайталамай өз ойымды айтуға рұқсат етіңіз. - Айтыңыз. - Менің батальоным бұған дейін ұзақ соғысып, әбден қалжыраған болатын. Бір рота тас жолдың ар жағында, екі рота бер жағында. Мен адамдарды таңға қарай ғана жинай аламын. Осыны ескеруіңізді сұраймын, жолдас подполковник. Менің ойымша Горюныға ең алдымен танк батальонының кіргені дұрыс болар еді. - Талқылап жатудың қажеті жоқ! - деп подполковник қызарақтап қоя берді. - Мен айттым, болды. -Кешіріңіз! -деп Толстунов сөзге араласты.-Менполктың өкілі ретінде сөйлегім келеді, мені мұнда біздің генерал жіберді. Батальон екі тәулік бойы қиян-кескі ұрыстан әбден қалжырады. Не істемексіз енді оны? Сіз қайта бұл батальонның ес жинауына көмектесіңіз. Егер сіз бүл тілегімізді орындамасаңыз мен қазір бұл жерден кетемін, армияның әскери советіне дейін баяндауға мұқтаж болам. Мен бұрынды-соңды Толстуновтың дәл сондағыдай өжет - тілігін көрген емеспін. Подполковник қысылып қалды, әлгі жерде тұрған әскери адамдар «үндемей жүретін жуастың» жаңағыдай сөзіне еріксіз таңырқады. - Жақсы!... Сіз батальонның орнына барасыз, - деді подполковник тапалтақ капитанға. - Баруға әзірміз, - деп ол бұйрықты құптады. ...Таңғы сағат 5-ке қарай мені бригада штабына қайта шақыртты. - Әлгі шекарашы майор бізді тақыр жерге отырғызды, - деді подполковник басыңқы, қынжылған үнмен. - Батальонды алып кетіпті. Қоршауда қалдық. Мен қоршаудан жеке- жеке, бөлініп - бөлініп шығуға бел байладым. Сізге де, жолдас аға лейтенант, өз құрамдарыңызға жетуді ұсынамын.Қоршаудан жеке-жеке, бөлініп - бөлініп шығу сол кезде Қызыл Армияның кейбір командирлері үшін бір салт болған еді. Немістер ішке кіргеннен бері олар шегінудің осы бір түрін қолданып келеді. Мұндай шегіністі кімнің заңдандырып, кімнің бекіткенін білмеймін. Шын мәнінде жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шегіну өте ыңғайсыз еді. Бастары қосылмастан ыдырап босуды - тұрымтай тұсымен, балапан басымен де теңгеруге болады. Галицкий, Доватор жаудың сонау түкпірінен дивизияны да ұйымдасқан түрде бастап, қамауды бұзып шықты. Галидкий де, Доватор да аспаннан түскен ғажап адамдар емес-ті. Бар болғаны оз тізгінін өзі берік ұстай білген беделді командирлер еді. Оның ешқайсысы да қоршаудан жеке- жеке, бөлініп-бөлініп шығуды қолданған жоқ. Кейбіреулер «мен пәлен деревняны тастап шықтым», «мен шегіндім» дейді. Ешкім ешуақытта өздігінен шегініп, өздігінен тастап шықпайды. Жау солай етуге мәжбүр етеді. Сондықтан да ең дұрысы «мен бергім келмеп еді, бірақ жау ырқыма қоймады - қуып шықты» деген дұрыс. Бос сылтау не керек. Рахимов біздің жауынгерлерді Матрениноның маңына шоғырландыруға кетті. Мен Толстунов екеуміз бір ашық алаңқы жерде қарап тұрмыз. Шеті ойылмаған тың бригада барлық техниканы тастап, жауға қарсы бір оқ атпастан 1941 жылдың 20 ноябрінің ертесінде, дәрменсіз подполковниктің бұйрығымен көз алдымызда қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шықпақ болып ағаш - ағашты паналап тарап кетті. Тізгінді босатып, әскери ұйымшылдықты әлсіретсең кейбір адамдар табан астында бұзылады. Көз алдымызда бір топ адам аспазшыны таяқтап, военторгтің магазині автобустағыны тонап, төбелес шығарып, өздеріне керектісін алды да кетіп отырды. - «Бір нәрсеге керек боларсың» деп Рахимов Степановты жіберген екен. Жаңағы жағдайды өз көзімен көргендігіне Степанов булығып кемсеңдеп тұр. - Ей, саған не болды? - деп оған зекірді Толстунов. - Мұнда жылауға келіп пе ең, шығарма әрі, жоқ сұмдықты. - Ұят қой, тіпті мыналары, жолдас аға политрук, - деді Степанов көзінің жасын сүртіп, бірақ әлі ызаға булыққан күйі. Біз Матрениноға кеттік. Жолда келе жатып өткен 20 октябрьде біздің батальонның бұдан бұрын жау тылынан қалай жарып өткені есіме түсті. Біз бір совхоздың іргесінде тұрдық. Түнгі ұзақ жүрістен және таңертеңгі ұрыстан кейін орман ішінде жауынгерлерге біраз тыныстауға, тамақтануға рұқсат берілді. Бұдан кейін қайта жүру керек, тағы да соғысу керек. Солдатты жақсылап киіндір, жақсылап тойғыз. Егер ол шаршаса екі сағат демалыс бер де, қайтадан отқа сал. Орыс солдаты міне сонда шаршамайды да, күймейді де, қайта ол шыныға түседі. Отаны үшін бұрынғыдан да құшырлана күреседі. Егер солдатты күтсең жеңіске жеткенің. Майданда солдат қара жүмысшы сияқты қарыны тоқ болса, дүниені қопарады. Солдатты сыйлау керек. Miнe, сонда одан ұялмай, жасқанбай талап ете аласың. Ол бәрін де орындай алады. Сонымен біз совхоздың іргесінде орманда жорықтағы демалыста тұрмыз. Маған Борисов жүгіріп келді де, орманның ішінде генералы бар бір тон адам келді, - деді. Мен батальонның тамақ әзірлейтін жеріне келдім. Егде тартқан генералды және бір топ адамды көрдім. Генералдың үстінде шинель, басында пилотка, жуан таяққа сүйеніп түр екен.Оның қасында жас полковой комиссары, бірнеше офицерлер және көнетоз киінген екі-үш азамат бар. Генералға әскери ізет көрсеттім. - Менің фамилиям Старков. Мына кісі дивизия комиссары. Ал, ана қалғандары дивизия штабының командирлері. Мен Борисовке стол жабдықтауға бұйрық бердім. - Стол жабдықтап қайтесіңдер? Сол столда жасайтын дүниелеріңді қолымызға ұстатыңдар, біз жылжи берейік, - деді генерал. Борисов берілген тапсырманы орындағанға дейін генерал менен біраз жайларды сұрады. Біздің осы арада, жаудың тылында екі тәулік бойы жүргенімізді білді. - Бұдан былай да батальон болып мына көліктеріңізбен, пушкаларыңызбен жылжығалы отырсыздар ма? - Бәріміз топтана, бытырамай шығуға бел байлап отырмыз, жолдас генерал, қажет болған кезде соғысып, жарып шықсақ па деген ойымыз да бар. -- Дұрыс істегелі отыр екенсіздер, - деді комиссар... - Біз бүкіл дивизияны тоздырып жібердік. Міне, көрдіңіз бе, енді өзіміз де бишара болып келе жатырмыз. Борисов әлгілерге бір килограмнан ақ нан, 200-300 грамнан суық ет берді. - Біз үшін мыналарыңыз тым мол сыйлық, - деді генерал, азық-түліктерді алып жатып. Адамдар аш екен, тарпа бас салып жей бастады. Борисов екі қорап махорка алып келгенде генерал: - Өздерің мырзасыңдар ғой, жақсылық қылсаң жарыта деген, бізге газет және бір қорап сіріңке беріңдер ендеше... - Олар сыйымызға алғыс айтты да, орман арасымен жүріп кетті. Мен сол сәтте комиссардың «біз бүкіл бір дивизияны тоздырып жібердік» деген сөзін түсінбеп едім. Енді, міне, көз алдымызда бір оқ атпаған бүкіл бір бригада «жеке-жеке, бөлініп-бөлініп» кеткеннен кейін ғана, ол сөздің мәнін түсіндім. Жаудың қатты соққысына тап болған әскери бөлімдер мен құрамдардың қоршаудан ұйымдасып шығып, жаңа шепке орналасып,өздерінің беделді командирлерінің басқаруымен қайта ұрыс жүргізгендері аз болған жоқ. Міне, олар құрметтеуге, сыйлауға тұратындар. Соғыстың ауыртпалығын сол табанды құрамдар мен бөлімдер көп көтерді. Олар соңғы адамы мен соңғы оғы қалғанша жаудың жолын бөгеді. Егер де жағдайға байланысты қамалын бұзып шыға алмаған, бірақ оған қатты қарсылық көрсетіп қансыратқан, майдан даласында намыспен соғысып ерлікпен құрбан болған әскери бөлімдер де аз болған жоқ. Ондай бөлімдер жаудың жүрегін шайлықтырды, әрбір солдаты жау солдатының екі - үшеуін ала кетті. Генерал Панфиловтың бір майорға айтқан сөзі әлі есімде. Сол майор генералға: «Жау талқандаған батальонның командирімін» дегенде, Панфилов: «Бүкіл батальон құрып кетіп, оның командирі тірі қалды дегенге кім сенеді», - деп еді. Майор оған: «Бүкіл полк, бүкіл дивизия талқандалды, олар қоршауға түсіп қалды, содан кейін жеке-жеке, бөлініп- бөлініп шығуға рұқсат берілді», - деді. «Одан да солай деңіз, жау талқандаған жоқ, өзімізді өзіміз тараттық, тоздырып қоя бердік демейсіз бе. Қандай да болмасынталқандалған заттың сынығы қалады, ал, талқандалған дивизияның ең болмаса сынығы қайда? Сіздің дивизияны, құрметтім, талқандаған жоқ, өздерің бытыратып қоя бердіңдер. Біздің көз алдымызда жеке-жеке бөлініп, бет-бетімен кеткен әлгі бригада да міне тап сондай болды. Подполковник орманның бір жерінде оққа ұшыпты. Ал, штабқа «бригада Горюнының түбінде соғыста быт-шыты шықты» деп хабарлапты. Мұны мен 1955 жылдың аяғында бір әңгімеде полковник Сезеновтан естідім. Ол кезде Калинин қаласында тұратын едім. Бригаданың қалай талқандалғанын Сезеновқа айтқанымда ол біраз ойланып отырды да, мырс етіп күлді. - Солдат пен офицер жөнінде «хабарсыз кетті» деп жазуға болады. Ал, бригада жөнінде не деу керек. «Соғыста құрбан болды, быт-шыты шықты» дейді ғой, генералға да жан керек емес пе. 1941 жылдың күзінде болған бірқатар осындай қайғылы жәйттер осы өзінде, соғыстың біткеніне едәуір уақыт өтсе де қабырғам қайысты, 45- ке келген екі полковник едәуір қайғырдық. - Жау Москва түбіне дейін қатты тықсырды, біздің ұйымсыздығымызды пайдаланды, - деді біраз үнсіздіктен кейін полковник. ТҮНГІ ЖОРЫҚ Біздің батальонның, екінші ротасы - Краевтың ротасы тас жолдың аржағында қалған. Ал, Бозжанов пен Филимоновтың ротасы бер жақта. Кеше кешке қарай Горюныны алған жау бұл роталардың арасын бөліп жатыр. Матрениноға келдік. Рахимов, Бозжанов адамдарының темір жолдың ар жағында, орман ішінде жиналып жатқандығын, ал, Филимоновтың адамдары Матренинода жиналып жатқандығын айтты. Краев байланысшы жіберіп темір жол будкасының солтүстік-батыс жағында екенін, бұйрық күтіп отырғанын хабарлапты. Ал, Борисовтың асханасында таңертеңгі ас әзірленіп жатыр. - Бір сағаттан бері пісетін емес. Отты сөндіріп, асты төгіп кетеміз бе, қайтеміз, :- деді Рахимов. Бұл сөзді айтқанда Толстунов: - О не дегенің, Хаби? Тамақты қалай төгіп тастап кетуге болады. Кім біледі, қай уақытта солдаттарға ыстық ас ішкізе аламыз, қайнай берсін, пісіре беріңдер. Сіз қалай ойлайсыз, комбат? - деді. Біз кеңескеннен кейін мынадай шешімге келдік. Краев Гусеновоға қарай кете берсін. Икс - игрик координатындағы орманда бізді тосуы керек. Филимонов басқаларға қарағанда тың күш ретінде ең алдымен жүреді, ал, Бозжанов көлікті, қаруларды және жаралыларды қорғап, соңынан жүріп отырады. Краевқа қосылғаннан кейін ол батальон колоннасының ең соңында болмақ. Сапарымыздың беталысындағы таңдауымыз тас жолдың сол жағы болды. Өйткені полковник Иван Иванович Серебряковтың хатында біздің дивизияның полктері осыдан екі тәулік бұрын жолдың осы жағында соғысты деген еді. Жау ішке тас жолдың бойымен ғана кірді, дивизияның негізгі күші жолдың сол жағында болар-ау деген тұжырымға келдік....Жау біздің шегініп кеткенімізді байқап қоймасын деп Рахимов орман шетіне бір взводты екі-үш пулеметпен қалқан ретінде қоя тұрайық деді. Толстунов екеуміз Рахимовтың бұл пікірімен келістік. Адамдар орман ішіне жиналды. Борисов кухнялардың, жүк тиеген арбалардың, аспазшылардың арасында зыр жүгіріп, оларды асықтырып жүр. Рахимов орман шетінде қалатын взводты ертіп алып кетті. Осы бір спортшы - альпинист, ботаник, тәртіпті офицер басқаға емес, тіпті өзіне де сенбейтін, барлық істі қолмен қойғандай жайғастырмаса, көңілі тыншымайтын еді. Ептеген жастық қызбалығы бар, ақ көңіл Бозжановты солдаттардың бәрі жақсы көретін. Ұдайы асығып, кейде сөзінің артын да жөнді аяқтамаушы еді. Орысша сөйлегенде қазақы үні білініп тұратын. Ол нағыз майдан жауынгері, политрук, жақсы командир еді. Солдаттарды ең қысқандағы айтары: «Мен саған не дедім, осылай орында деп пе едім». Келістіріп боқтағаннан оның осы сөзі солдаттарға қатты өтімді еді. Мұны Жалмұхаммед қатты ашуланғанда айтатын. Филимонов болса тікірейіп, менменсіп жүретін-ді. Толстунов менімен қатар келе жатыр, оның бір қасиеті солдаттардың аты - жөнін білетін еді. Кейде қалжыңдап «қыраным», «балапан бүркіт», «қара солдат», кейбіреулерге «сен нені көрмедім дейсің, күшік түгіл итті де бітеу жұтқан мықты емессің бе» деп қоятын. Взводтар бірінен соң бірі үш жорық кухнясы тұрған жерге жинала бастады. Аспазшылар бұрқылдап қайнап жатқан қазанға ожауды тереңдете жіберім, солдаттарға толтыра - толтыра сұйық ботқа үлестіріп жатыр. Буы бұрқыраған котелоктерді әкетіп бара жатқан жауынгерлер. Әскерде жүргелі котелокті мұншама толтырып ас бергенді көрген жоқ едім. «Мұнысы несі» деп таң қалдым. - Көже орнына қою ботқа беріп жатқандарың қалай? - деп сұрадым, тапалтақ, семіміз келген аспазшыдан.І - Лейтенант Борисом барлық крупа мен етті сал деп бұйырды. Miнe, көрдіңіз бе, жолдас комбат,-деді ол кішкене ожаумен қазаннан ботқа алып, крупа қанша болса, еті де сонша. Жетпей қалады деп тұрсыз ба? Барлығына да жетеді, кейбір қомағайларына жарты ожаудан тағы да беруіме болады, - деп күлімдеді ол. Басқа кухняларда да тап солай. Борисовты шақырып алдым да: - Сен қашан өлмексің, лейтенант Борисов? - дедім. Борисовтың есі шығып кетті. Сасқалақтап, не дерін білмей қалды. - Не деп тұрсың, комбат, - деп Толстунов жеңімнен тартты. - Мен сенен сұрап тұрмын, қашан өлмексің, Борисов? Жауап беріңіз. Айт қашан өлетініңді, - дедім. Борисов көзін жыпылықтатып, сасқалақтаған күйі: - Жау қашан өлтіреді, сонда... Әйтпесе ажал жеткенде, жолдас комбат... Толстунов күлді де, қалжыңдап: - Өз ажалымыздан бұрын бізді ешкім де өлтірмейді, - деді. - Қалжыңдағым келіп тұрған жоқ, Федор Дмитриевич, - деп оның бетін қайырып тастадым да, қайтадан Борисовке:- Сен неге барлық қолда барды қазанға бір-ақ салғыздың? Түске дейін батальон құрып бітеді деп пе ең? Енді ешкімді тамақтандырмаймын ғой дедің бе, әлде? Түсте, кешке, ертең не бермекпін? - Иә, бұл жерде ойланбаған екенсіз, Борисов, - деп Толстунов сөзге араласты. - Мен енді түсіндім, жолдас комбат. Неге олай еттіңдер, тамақты неге тауыса салдыңдар, батальонға әлі күн көру керек қой. - Маған солай істе деп Рахимов бұйырды. Мен оның бұйрығын орындауға тиіспін ғой. Өйткені ол менің бастығым, - деді жыламсырап, тұншыққан Борисов. - Жарайды, барыңыз олай болса, - деді Толстунов. - Рахимов өзі жауап берер. - Краевқа тиісті сыбағасына қол тигізуші болмаңдар, - дедім мен кетіп бара жатқан Борисовқа. - Борисовтың жазығы жоқ екен ғой, бекер ұрыстың. Рас, қазанға бар тамақты салып жібергені дұрыс болмаған. Рахимовпен мен сөйлесейін, рұқсат ет, - деді Толстунов. Осы сәтте бытырлаған мылтық даусы естілді. Танкіге қарсы зеңбіректің үні де бір рет тарс ете қалды. Толстунов екеуміз бір котелоктен ботқа жеп отырғанымызда Рахимов келді. - Немене, Хаби, неміспен таң ата «амандасып» алдыңдар ма, - деп күле сөйледі Толстунов. - Бізді көрдің бе, тәтті тамақ жеп, рахаттанып отырғанымызды. Рахимов шаршаған болу керек, сылқ етіп отыра кетті де, менің атшыма тамақ әкеліп беруге бұйырды. Біз жаудың тылында өз құрамымызға қарай орман арасындағы жалғыз аяқ жолдармен жүріп келеміз. Тас жолдың кей жерлерінен соғысып өттік. Бір уақытта тас жолға тағы да тақап келіп қалдық. Қарасақ дұшпан әскерлері машинаға мініп, зымырап өтіп бара жатыр екен. Тас жол енді олардың өздерінікі сияқты. Біз жолдың дәл жиегіне келіп жатып бір мотоколоннаны өткіздік. Екіншісі жақындап келеді. Машиналар толған жаяу әскерлер. Машина жүргізушілерді атпай, оның үстіндегі солдаттарды ғана атуға бұйрық берілді. Колонна бізге қатарласып келіп қалғанда бастырмалата атқылап қоя бердік. Аяқ астынан атысқа тап болған машина шоферлары сасқалақтап бар пәрменімен зымырай жөнелді. Бір шалағай соңғы машинаның алдындағы шоферді атып жықты. Машина үстіндегі жаяу әскерлер қарғын - қарғын түсті де, бізге қарай оқ ата бастады. - Алға! Жауынгерлер ілгері қарай ұмтылды, немістерді басып - жаншып өте шықты. Тас жолдан өткеннен кейін орман ішіне кіріп, әрі қарай тереңдей жөнелдік. Гусеново маңындағы орманның шетіне іліктік. Краев Гусеновоны немістердің алып қойғандығын айтты. Жан-жаққа күзет қойып, екі сағаттық демалыс жасауға, айналаны шолып шығуға келістік. Барлаушылар тапсырмаларын орындауға кетті. Жауынгерлер демалуға кірісті. Краевтың ротасын таңертеңгі, түскі тамағын қосып бір-ақ ішті. Рахимовтың көңілі бос, сірә,Толстунов онымен біраз сөйлескен болу керек. Рахимов менен тас жол жақты шолып келуге рұқсат сұрап, өзінің атқосшысымен кетіп еді, содан қайтып оралмады. Үлкен үйеңкінің түбінде сүйеніп отырып, көзім ілініп кетіпті. Бір уақытта автоматтың пырсылдаған даусы естілді. Көзімді ашып орнымнан үнін тұрдым. Үш тәулік бойы қаһармандықпен күрескен батальон алды-артына қарамай, тым-тырақай безіп барады. Үстеріне халат киген немістің бір взводы автоматтарын кезеніп келе жатыр. Кухнялардың жанында біздің аттар тұр. «Бәрі де бітті» деген ой келді маған. Не болғанын білмей, есім кетіп, тұрған жерімнен қозғалуға шамам келмей қатып қалыппын. - Комбат қалды, ал, сендер қашып барасыңдар, қайтыңдар кейін! - деген Толстуновтың даусы шырт ұйқыдан оятқандай құлағыма саңқ-саңқ естіледі. Қым - қиғаш атыс бола қалды. Айқай-шу, төңірек даң-дұң болып кетті. Әлде біреу «ура» деп айқайлайды. Мылтықтарын кезеніп, ашынған кейіппен адамдар қайта қайтып келеді. Мен қалшиып тұрмын, көзім қарауытып кетті. Иә қолым, иә аяғым өзіме бағынбайды, мең-зең ұйқыда жатқан адамдай тілім де ешнәрсеге келмейді. Ес шығудың не екенін мен сол сәтте білдім. Дәл осы арада он минут ішінде он жылға қартайған болуым керек. ...Рахимов жер танығыш еді. Күндіз де, түнде де адаспай жақсы бастап жүре алатын. Ол кетіп қалды, қайта оралған жоқ. Ал, батальон алдындағы ротаны бастап келе жатқан Филимонов топографиядан сауатсыздау адам. Взводты басқаратын лейтенанттар Ташкент, Алматы училищелерінен жаңа ғана шыққан тәжірибелері аз жас жігіттер. Амалдың жоқтығынан саптың басына өзім тұрдым. Әрбір әскери адам батальон командирінің шолушы болып алда жүруі өте сирек кездесетінін жақсы біледі. Біз жалғыз аяқ жолдар, ашық алаңқылар арқылы орман ішімен келе жатырмыз. Қолымда топографиялық карта мен компас бар.Әрбір бұрылыста бағыттарды белгілеп, жүріп келе жатқан жерімізді картамен салыстырып қоямын... Шырттай қараңғы түн. Жалғыз аяқ жол бізді бір даңғыл жолға әкеп тіреді. Екінші жолға түсу үшін болжауымша тағы екі шақырымдай жер жүру керек. Ал әлгі жолдан жау танктері, машиналары, мотоциклдері бірінен соң бірі шұбырып барады. Сірә, бір бөлім алдыңғы шептегі бір әскери құрамаға қосылуға асығып кетіп бара жатқан болу керек. Біз қараңғы орман ішінде түн жамылып, өтіп бара жатқан колонналарға қарап тұрмыз. Жаяу әскерлер келе жатқан болу керек. Аяқтың дүбірі естілді. Олар өтіп кетті. Барлаушылар әскерлердің екінші тобы біз тұрған жерден екі-үш километр қашықтықта деп хабарлады. Біз жолға шықтық та бірінші өткен неміс әскерлерінің колоннасы артынан 500-600 метрдей жүріп келеміз. Бір жарым километрдей жүргеннен кейін біздің жанымыздағы мотоциклге мінген неміс зымырап өтіп бара жатып: - Русь, Русь - деді. - Жүрісті жылдамдатыңдар, - дедім мен сыбырлап. Бүл бұйрық соңғыларға бірден- бірге сыбырмен жетіп отырды. Мен жолдың сол жағын ала дәл ернеуіне таяу жүріп келемін. Ойым жалғыз аяқ жолды қараңғыда байқамай адасып қалмау, өткізіп алмау. Жалғыз аяқ жолға да келіп іліктік те, солға қарай бұрылдық. Біз орман ішіне кіріп сүңгіп кеткеннен кейін немістер байқап қалды. Соңымыздан қуғындауға жүрексінді білем, 5-10 минуттен кейін бірнеше ракеталарды аспанға жарқырата атып, орман жаққа қарай бірнеше миналарды тастады. КОМИССАР ЛОГВИНЕНКО Таң ата өзіміздің адамдарға жеттік. Калпаки деревнясы. Штабтағылардың көңілі пәс екен. Дивизияның жаңа командирі, полковник Шелудкон тұнжыраған адам екен, мені салқындау қарсы алды. Оның қасындағы комиссар Егоров, штаб бастығы полковник Серебряковтардың да ұнжұрғасы түскен. Менен ешкім ешнәрсе сұраған жоқ. Шелудкон батальонды өз полкіңізге апарып қос деді. Батальонный қажығанын, аш екенін мен баяндағаным жоқ. Дивизия штабының оперативті бөліміне кіргенімде капитан Гофман ұйқысы қанбай, кілбиген көзін уқалап отыр екен. Менімен сүлесоқ амандасты да «иә, қалай, келдіңдер ме?» деп әйтеуір сұрай салды. Содан кейін аласа төсекте жатқан адамды көрсетіп «сіздің аға адъютантыңыз» деді. Қарасам жаңағы аласа төсекте шынында Рахимов ұйықтап жатыр. Сөйтсек, ол кеше кешке мұнда тура тартыпты. Оны ояттым да, батальонға бар деп бұйырдым. «Тағы қандай нұсқауларыңыз болады» деген сұрауына «бар деймін қазір» деп қана қатқыл жауап бердім. Ол шығып кеткеннен кейін Гофман: - Сіз ол кісіге неге зекідіңіз? - деп сұрады. - Жау тылынан өз атқосшыңмен салт ат шыққан жеңіл ме, әлде бүкіл батальонды - артиллерия, пулеметтер, ат - арбаларымен алып шығу жеңіл ме?.. - деп мен үшін Толстунов жауап берді де, - Е, болмаса «жақсы келіпсіңдер» - деген сөз естімедік қой, - деп Толстунов шығып кетті. Гофман үлкен қара папкадан алып маған екі-үш парақ қағазды ұсынды. Мен орындыққа орналасып оларды оқуға кірістім. Олар біздің дивизияның соғыс қимылдары туралы жазылған ақпарлар екен. Олардың ішінен біздің батальон туралы кейбір үзінділерін өз бойынша келтірейін: «...Батальон вел упорные бои в районе станции Матренино, Горюны. Связь с батальоном нарушена, местоположение его неизвестно...» деп жазыпты 18 ноябрьдің түнгі сагат екісіндегі жазылған № 24 ақпарда. Сол күнгі азанғы сағат алтыда жазылған ақпардың бірінде: «...Батальон занимает прежнее положение: Горюны, станция Матренино, отметка 151,0. В течение дня он отразил несколько атак противника, подбив 1 танк, захватив орудие ПТО, миномет, тягач с груженой автомашиной и другое оружие и имущество...» - деп жазған екен. - Бұл ақпардағы жазғандарыңыздың көп жерлері олқылау екен, - дедім мен. - Сол кездегі менің қолымдағы мағлұматтың бары солай еді, - деді менің сөзімді жақтырмай Гофман. 9 ноябрьдің кешкі сағат сегізінде жазылған № 25 ақпарында: «...батальон, занимая оборону в районе станции Матренино, отметки 151,0, Горюны, вел бои в течение трех суток несмотря на окружение. Противник потерял 3 танка, 1 орудие, 2 автомашины, захвачено много оружия и до 100 человек убитыми. 19.11.41 батальон попал в окружение...» - депті. Гофманға мен қағаздарды қайтарып бергенде ол тағы бір папкасын реттей отырып: - Генерал сағат сайын сіздер туралы сұрап, қатты қынжылып қиналып еді, - деді Гофман.Жоғарыда келтірілген документтердің тым қысқа сөздеріне қарап «оқтың тілі - қысқа тіл» екенін, оның адамдар тағдыры мен жағдай құбылыстарын талдап, жатуға өрісінің бір тұтамдығын оқушылардың өздері-ақ байқаған болар. Соғыс кезіндегі әскери документтерде тіл жағынан жұмыр, нейтрализмдер мол болады. «Жүрдім, бардым, жеттім, соғыстым, жойдым...» сияқты жеке сөзді келеді. Қалай жүріп, нені аралап, нені көріп... т. б. жағдайды суреттеуге сараң келеді. Ол әскери тіл мен стильдің заңды мерзімі. Мені дивизия штабының барлау бөліміне шақырып алып, қай - қайдағы сұрақтарды қойды. Олардың мылжың сұрағынан Толстунов құтқарды. - Жүріңіз, кеттік, жолдас комбат. Батальон әбден шаршап, қалжыраған батальон, оның үстіне аш, бізді орманның ішінде 30 градустың аяз да күтіп тұр. Жүр кеттік, үсітіп алармыз. Өз полкымызға келе жатырмыз. Полк дивизия штабынан 10 километрдей жерде. Рахимовке және барлық атшыларға мен колоннаның ең соңында аттарын жетектеп жаяу жүруге бұйырдым. Толстунов екеуміз сап алдында жаяу келеміз. Үн жоқ, бәріміз де көңілсіздеу келе жатырмыз. Полк комиссары Логвиненко жұрт алдында көрінуді сүйетін мансапқор адам еді. Цитатты жаттау жағына келгенде ешкімге жеткізбейді. Жамбылдың, Сүлеймен Стальскийдің саяси өлеңдерін жатқа білетін. Егер оның взвод командиріндік бір жылдық тәжірибесі болса, дивизия командирінің қызметіне үміттенген болар еді. Оз басына пайдалы, қолайлы сәтті ешуақытта қаза жібермейтін қасиеті де бар-ды.Үш тілді жақсы біледі. Қандай тілдерді десең ғой? Өзінен жоғары бастықтармен сөйлесу тілін, одан кейін өзімен қатарлас адамдармен сөйлесу тілін жетік білетінді. Ал, шыптуайтқа келгенде құдай біледі балаларымен де, әйелімен де сөйлесе алмайтын адам. Деревняға жақындай бергенде полк штабының жанында сапта тұрған жауынгерлерді, полктың командирі мен комиссарын көрдік. Олардың алдына келіп батальонды тоқтаттым да, «Смирно! Равнение направо!» деп команда бердім. Аяғымды нық - нық басып, полк командирі мен комиссарына рапорт бердім. - Жолдас командир, жолдас комиссар! (Устав бойынша соңғысын атамайтын, бірақ, мен оны Логвиненко дардай боп қалсын деп әдейі айттым). Сіздердің қарамақтарыңыздағы бірінші батальоны генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасын орындап, қарауларыңызға келіп тұр. Полк командирі майор Елин рапортты қабылдады да, маған қолын берді, ал комиссар Логвиненко тарпа бас салып құшақтап бетімнен сүйді. Сөйтті де, бізді қарсы алу үшін салтанатты сапта тұрған әскерлерге қарлыққан даусымен: - Біздің әкеміз генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасын абыроймен орындаған қаһарман жауынгер достардың құрметіне «ура!» жолдастар! Рота «ура!» деп айқай салды. Ал, менің шаршаған батальоным ешбір бұйрықсыз - ақ жаңағы «ураны» қуаттап, созып ала жөнелді. Оң жағыма қарасам Федя Толстунов көзін орамалмен сүртіп тур екен. Логвиненко қатты толқулы. Ортаға шықты да, малақайын қолына алды. Аязды ауада оның айдар сияқты дудар шашы жан - жағына бытырап, желбіреп турды. - Жолдастар! Жауынгер қырандар! Қымбатты жігіттер, -- осы сөздерді айтқанда оның даусы дірілдеп, бір рет жөтеліп те алды. - Мен сіздердің полктарыңыздың комиссары ретінде осы арада сіздермен дидарласып тұрғаныма өте қуаныштымын (ду қолшапалақтау). Қымбатты ерлерім! Бәріңді де құшақтап беттеріңнен сүйемін! Шын жүрегімнен табыстарыңмен құттықтаймын. Соңғы күндері сендердің көрген азаптарың аз емес, жігіттер. Генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасын гвардияшыларша абыроймен орындадыңдар. Сендерден жасыратын ешнәрсе жоқ, жолдастар, біз сендерді енді көрмейміз ғой деген қауіпті ойда да болдық. Бірақ, жолдастар, міне, алдымызда есен- сау турсыңдар, көрісетін күн бар екен. Аталарымыз айтпақшы «құдайға шүкір!» (Ду қол шапалақтау.") Сіздердің араларыңыздан да, біздің арамыздан да бірқатар жолдастар ұрыста қаза тапты. Отан жолында ерлікпен құрбан болған достар әр уақытта да есімізде болсын. Барлықтарыңыз да бас киімдеріңізді алыңыздар (саптағылар бас киімдерін алады), үнсіз ерлерді еске түсіріңіздер. Іштеріңізден «құрбан болған қаһармандар мәңгі есімізде» деңіздер (жұрт бір минут үнсіз тұрады). Мен сіздерге жауынгерлердің Отан алдындағы борышы жөнінде айтып жатпай-ақ қояйын. Біздің халіміз қиын, мүшкіл деуге де болады. Бірақ, біздер большевиктерміз, біздер - қызыл әскерлерміз. Москваға тақал келіп қалдық, жігіттер. Фашисті шынымен-ақ 1812 жылғы француздар сияқты қарт Кремльдің ішіне енгіземіз бе? Жоқ енгізбейміз! Неміс басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін біздің командир генерал Иван Васильевич Панфилов бірінші азамат соғысына қатынасқан жауынгер, Ұлы Отан соғысының айбынды командирі Қызыл Ту орденімен үшінші рет наградталды (ду қол шапалақтау). Біздің дивизия 316 дивизиядан 8-гвардиялық дивизия болып аталды. Бұл абыройға командир ретінде Панфиловтың және сіздердің сіңірген еңбектеріңіз мол, жолдастар! Ерлік істерің үшін рақмет! Ура, жолдастар! Жолдастар, біздің үш Қызыл Ту орденді даңқты командиріміз, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов 18 ноябрь, 1941 жылы Москва облысы, Гусеново деревнясының түбінде ерлікпен қаза болды. Құрамында көп ұлттың өкілдері бар біздің дивизияның барлық жауынгерлері, адамдары ол кісіні қадірлеп әрқайсысы өздерінше құрметтеп атаушы еді. Орыстар - әке, украиндар - батько, қазақ пен қырғыз - ақсақал, өзбек пен ұйғыр - дада деуші еді. Мұндай зор құрметке кез келген генерал не болып отырған жоқ! Жолдастар, сол генерал қаза тапты! Ол арамыздан кетіп бара жатып даңқты Қызыл Армияның жауынгерлік дәстүрін қасиеттеп сақтаңдар, әскери міндеттеріңе адал болыңдар, жауды біздің жеңетіндігімізге сеніңдер деп өсиет айтып кетті. Одан соң Логвиненко марқұмның өмірбаянынан қысқа шолу берді.

Роман Әдеби KZ порталынан алынды.

Жалғасы бар