ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық №2 сотының қаулысымен көлік құралын басқаруды мас досына бергені үшін Иньшин ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 6-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, 20 тәулікке қамалды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Иньшин «Лифан» ныспылы мотоциклінің рулін әрі мас, әрі көлік құралын басқару құқығы жоқ досына берген. Соның салдарынан мотоцикл жүргізуші рульге ие бола алмай, оқиға орнында қаза тапқан. Ал Иньшин орта дәрежелі дене жарақатын алған.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).