Мотокростан өткізілген республикалық чемпионаттың қорытынды сатысы Қостанайда болды

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда мотокростан республикалық чемпионаттың жетінші сатысы өткізілді.

Жарыстарға Қазақстанның алты қаласынан (Алматы, Ақтөбе, Астана, Шымкент, Қостанай, Рудный), Қостанай облысының екі ауданынан (Әулиекөл және Қарабалық) спортшылар, сонымен қатар Ресейдің (Екатеринбор қаласы) мотоциклшілері қатысты.

Біріншілікте бес жас санаты анықталды - бес жастан 55 жасқа дейінгілер. Барлық дерлік жарыстарда Қостанай облысының спортшылары алда болды. Осылар да чемпионаттың жетінші сатысының жалпыкомандалық есебінде бірінші орында келеді.