«Мыңарал Тас Компании» ЖШС бас директоры Айвар Сарғасқаевтың айтуынша, бұл Жамбыл цемент өнеркәсіп компаниясының жүзеге асыратын құрылыс индустриясындағы қазақстандық ірі кәсіпорын болады.
Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына М-400 және М-500 маркалы 1,2 млн. тонна цемент шығаратын болады, жобаның құны - 32,4 млрд. теңге, 350 жұмыс орны құрылды. Зауыт заманауи технологияларды қолдана отырып, экологиялық талаптарға сай салынуда.