Жобаның аясында экстремал спортшылар өнер көрсетуі тиіс еді. Олардың арасында MTV және MTV2 жүргізушісі Эрик Ронер де болған. Бір кезде парашютіне ие бола алмаған ол ағашқа соғылды. Соққы салдарынан MTV жұлдызы сол жерде мерт болды.
Эрик Ронер экстремалдық спорт түрлері туралы үздік американдық шоулардың қатысушысы ретінде белгілі еді. Ронер көрермендерге жердегі және әуедегі трюктерді көрсететін-ді. Биыл тірі болғанда 39 жасқа толар еді. Айта кеткен жөн, Эрик Ронер әлеуметтік желілерде соңғы хабарламасын осыдан небәрі 4 күн бұрын ғана қалдырып кетті.