Мүгедекке көмектескен ақтаулық полицейге жұрт сүйсінді

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық полицейдің арбаға таңылған мүгедекке көмектескенін қала тұрғыны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тез тарап, ақтаулықтардың қызу талқысына түсті. Арбаға таңылған мүгедек әйел жолдың арғы бетіне өте алмаған. Оны жолда өтіп бара жатқан ІІД полицейлері көріп, көлігінен түсті де, жолдағы көліктерді тоқтатты. Сөйтіп әйелді жолдың арғы бетіне өткізіп, көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созған.

Олардың бұл әрекетіне әлеуметтік желі қолданушылары тәнті болып, ризашылықтарын жасырмады.

Айта кету керек, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі мейірімді полицейдің аты-жөнін анықтаған. Ол - Ақтау қаласы жол-патруль полиция батальонының кадрлар және кәсіби даярлық жөніндегі аға инспекторы Сәкен Базарбаев болып шықты.

Соңғы жаңалықтар