Облыс орталығында мүмкіндіктері шектеулі 11 мыңнан астам адам тұрады. Өткен алты айдың ішінде еңбекпен қамту қызметіне 166 мүгедек келіп, бүгінгі таңда олардың тең жартысы жұмыспен қамтылып отыр, деп баян етті еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сабира Сейітова.
Оған қоса, жылдың басынан бері 185 мүгедек қарым-қатынас жасауға қажетті техникалық жабдықтар алса, 175 азамат - протездік-ортопедиялық көмек жабдықтарын, тағы 129 адам - жаңа қоларбалар алды. Ал соңғы үш жылда қалада жаңадан салынған барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандары пандустармен жабдықталған.
Қала әкімі мүгедектерді жұмыспен қамту жұмыстарын кеңінен жүргізуге тапсырма берді.