Мұхтар Адамбеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - 44 жасар Мұхтар Адамбеков Қарағанды қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Ол осыған дейін «Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» қалалық ММ басқарған, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішев өзінің жаңа орынбасарын актив отырысында таныстырды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімінің ТКШ бойынша бұрынғы орынбасары Андрей Ляпунов «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.