ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде мүлікті жария ету науқаны басталды. Мұндағы негізгі мақсат экономикаға сыртқы резервтерді тарту болса, екінші жағынан, бос және жұмыс істемей тұрған мүлікті әр азамат жария етсе, ол, әрине, жаңа мүмкіндікке жол ашатыны сөзсіз.
Бұл туралы БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан Мақсотов мәлім етті.
Оның айтуынша, осы науқан барысында ел экономикасына ауқымды көлемде қаржы түседі. Жылжымайтын мүлікті жария ету науқаны жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын комиссиялардың қорытындылары негізінде жүргізілетін болады. Қазіргі таңда облыстық кәсіпкерлер палатасы да осы науқанға белсене атсалысып, түрлі түсінік жұмыстарын жүргізуде. Себебі ақша мен мүлікті заңдастыру мемлекетке де, ел азаматтарына да тиімді. Мүлікті жария ету 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).