Мұнай бағасы 70 доллар/баррельге дейін төмендеді

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Мұнай арзандап жатыр. Нарықта өткен аптаның соңы мен ағымдағы аптаның басында тіркелген арзандау үдерісіне доллардың нығаюы, Еуропадағы қарыз дағдарысының даму ықтималдығы және еуро бағамының төмендеуі себеп болып отыр,

дейді сарапшылар.

Сонымен, кешегі сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы Нью-Йорк биржасында 1,53 долларға арзандап, 70,05 доллар/баррелді құраса, Лондон биржасында 2,83 долларға төмендеп, 75,10 доллар/баррелді шамалады.