деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2008 жылдың қыркүйегінде болған соңғы форумнан бері мұнайдың бір баррелі шамамен 100 доллардан сатылды. Қазір мұнайдың бағасының құлдырағаны бізге мәлім», деген К. Мәсімов , әлем экономикасы бұған дейін болған дағдарыстардан да терең дағдарысқа тап болғанын айта келе: «Менің ойымша, соған қарамастан мұнай-газ секторын дамытудың іргелі қозғалтқыш күштері өзгеріссіз қалды», деді.
Осы орайда Үкімет басшысы жаһандық экономикалық, саяси дамумен байланысты шешуші мәселелерге тоқталып өтті. «Өнеркәсіп ең алдымен әлемдегі орта топ болып табылатын 1 млрд. тұтынушыға негізделеді. Тиісінше адамдардың барлығы өз өмірлері сипатына, экономикалық және саяси қауіпсіздігіне барынша көп кепілдікті талап етуде», деді ол.