Мұнай институтының түлектеріне арналған жәрмеңке ? Атырау

АТЫРАУ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай және газ институтында «Түлектер жәрмеңкесі - 2009» өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жәрмеңкеге аймақта жұмыс жасайтын отандық, бірлескен және шетелдік компаниялар, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдері шақырылды. Биыл жоғары оқу орнын күндізгі бөлімде оқитын 1 009 және сырттай оқитын 1 756 түлек бітіріп шығады. Олар оқу орнын бітіргеннен кейін өздері еңбек еткісі келетін компанияларға түйіндемесін табыс етуге мүмкіндік алды. Жұмыс берушілердің сөзіне қарағанда, олар қазіргі заманға лайық мамандарға зәру. Ендігі жерде компания басшылары өздерінің ықыласын туғызған түлектермен тікелей тестілеу жүргізуге кіріседі.