«Бүгінгі таңда орта және жоғары білімі бар көптеген қазақстандық маман жұмыспен қамтылмай отыр. Ұлттық компаниялар есептерінде көрсетіп жатқанымен, шетелден кадр тартуды әлі де жалғастырып келеді. Әрине, егер маңызды, аса қажетті маман болса түсінікті, олар шақырылып, жұмыс істеулері керек-ақ. Дегенмен, орта дәрежелі мамандарға, қарапайым жұмысшыларға баса назар аудару қажет», - деді Премьер-Министр.
Бұл ретте Үкімет басшысы Білім және ғылым минитрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, мүдделі өңір әкімдерін тарта отырып, білікті мамандар тапшылығына қатысты нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Оның ішінде болашақтағы үлкен жобалар - Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған жобалары бойынша нақты ұсыныстар қажет», - деді С. Ахметов.