Мұрат Бошайұлы - Қытайдағы ат төбеліндей қазақтан Олимпиада жүлдегерін шығарған бапкер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біз бүгін өзге елде жүрсе де, өз ұлты үшін ерінбей еңбек етіп, Қытайдағы ат төбеліндей аз ғана қазақтан Олимпиада жүлдегерін шығарған, миллиард халқы бар елдегі бокстан бапкер, қандасымыз Мұрат Бошайұлы жайында аз-кем әңгіме өрбіткенді жөн санап отырмыз.

Есімі елге ғана емес, бүкіл әлемге танылған кез-келген спортшыныңартында еңбегі елене бермейтін, көзге де көріне бермейтін қарапайым біртұлғаның тұратыны анық. Ол – бапкер!

Бүгінгі таңда қазақелінің атын әлемге танытып, әнұранын шырқатып жүрген дарабоз саңлақтарымызбаршылық. Міне, солардың әр жетістігі сол бапкерлердің өлшеусіз еңбегініңарқасы екені даусыз.

Бүгінгі таңда МұратБошайұлы ҚХР Алтай аймақтық бокс құрамасының бас бапкері қызметін атқарыпкеледі. Бүгінге дейін талай тастүлектің қанатын қомдап, ұядан ұшырған бапкердіңалғашқы шәкірттерінің бірі 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері –Қанат Ислам.

Қанаттың есіміайдай әлемге әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрамакомандасының құрамында Бейжің Олимпиадасында қола медалін жеңіп алған тұстатарай бастады. Әлемдік ақпарат көзі Қытайдағы қазақтар арасынан тұңғышОлимпиада жүлдегері атанған боксшының атағын жарыса жазды. Бұл оның әуесқойбокстағы жеткен ең биік шыңы еді. Одан бұрын, Қанат Ислам Чикагодағы өткен әлемчемпионатында (2007) және Азия ойындарында (2006) қола медаль жеңіп алғанболатын.

Қытайдың ішкібіріншілігінде өз салмағында 10 дүркін жеңімпаз атанған қандасымызды бүгіндекәсіпқой бокстың көрігін қыздырып жүргенін спорт сүйер қауым жақсы біледі.Міне, осындай бокс әлемінде өзіндік орыны бар Қанат Ислам өзінің бір сұхбатындаалғашқы бапкері Мұрат Бошайұлы туралы «Қытайда бокс 1986 жылдан бастап дамибастады. Алтайдың Қаба ауданында алғаш рет Мұрат Бошайұлы деген ағамыз боксөнерін үйренді. Туған ағам Ерлан сол бапкерден тәлім алды. Мен де МұратБошайұлының шәкірті болдым. Ұстазым ағамды ауылда дайындады. Ол бокстаноблыстық жарыстарға қатысып жүрді. 6-7 жастан бастап сол кісілердің қалайжаттыққанын көріп өстім. Маған оның да әсері болу керек. Спорттағы өмірімосылай басталды», - деп еске алады.

Бапкердің шәкіртіатап өткен сол Қытайдағы Алтай аймағына қарасты Қаба ауданы бүгінде былғарықолғап сайыпқырандарының мекені атанып кеткен. Оған басты себеп – МұратБошайұлы негізін қалаған аудандағы бокс мектебі.

Міне осы мектептіңтұғырын көтеріп, туын биіктетіп жүрген білікті бапкер туралы бүгінде бірібілсе, бірі біле бермейді.

Мұрат арғы беттегі ағайындарғатек Қанат Исламның алғашқы бапкері ретінде ғана емес, ұлтжанды азамат,тәжірибелі маман, өресі биік ұстаз ретінде де кеңінен танымал. Ол Қытай менҚазақстан арасындағы бокстың дамуына, тәжірибе алмасып, бірге оқу-жаттығужиындарын өткізуге де бір кісідей атсалысқан азаматтардың бірі. Сол арқылы екіелдің арасына достық көпірін салып, арғы беттегі қандастарымыздың қазақ еліменқарым-қатынасын байытуға да өзіндік қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бір сөзбен атапайтар болсақ, Мұрат Бошайұлының өмір жолы мен спорттағы қайраткерлігі біркітапқа арқау болатын дүние.

Мұраттың мектебіненҚанатпен қатар Бақытбек, Төлеуқан бастаған талай атақты бокс шеберлері шықты.Олардың берісі аймақ пен облыста, арысы мемлекеттік және халықаралық додалардадес бермей жүр. М.Бошайұлы мектеп ашқан 1992 жылдан бері оның алдынан 600-денастам қорғасын жұдырық ұландар тәрбие көрді. Оның 300-ден астам шәкірті әрдеңгейдегі командалар мен мектептерде табысты қызмет етіп жүр.

Қазақ «ұстазыжақсының ұстамы жақсы» демей ме?! Мұраттың шәкірттері тек жұдырықтасуды ғанабіліп қоймайды, сонымен бірге батырға біткен бойларына ұлт намысы мен ұлағатынсіңіріп, қажыр мен қайратына баһадүр бабаларының айбатын жанып өседі. Өйткеніоларға Мұрат сынды білікті бапкер қолын қалай дәл сілтеп, жұдырығын қалай дөптигізуді үйретумен бірге, қазақ деген ұлттың абыройын қалай асқақтату керекекенінде саналарына сіңірген.

Мұрат Бошайұлыосыдан бұрын елге келіп жүрген кездерінде бірнеше рет жолығып, жүздесіп,сұхбаттасып, дастархан басында біраз әңгімелердің басын қайырғанымыз бар еді.

Бір әңгімесіндеҚанат Исламды қармағына қалай алғанын былай есіне алып еді.

- Қанат кішкентайкезінен ауылда өсті. Қабаның батыс жақ шеті үлкен саз болатын. Онда, қазақауылы орналасқан. Сол кезде ол жерді Кемер деп атайтын. Мен сол ауылдың тумасымын. Қанаттың ағасыЕрлан, Төлехан Кеңесханұлы деген боксшылардың барлығы осы ауылдан шықты. Қытайда талай жарыстарда осы ауылдан шыққанбоксшылар топ жарды. Сол кезде Кемердіңастына көп балалар тайынша бағады. Кейде сол тайынша-таналарын байлап тастап,сазда доп тебеді. Мен Қанатты сол жерден байқадым.

Ол өзі теңдесбалалардың ішінде ең елпегі, жүгірісі тез, денесі жеңіл, икемділігі өте күшті,әрекеті өте епті болып көрінді. Кейде допқа таласып, төбелескен кездердеҚанаттың қайсарлығы мен жеңіске деген құлшынысы мені қызықтырды. Бар баланыҚанат басқарып жүретін. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған жеті жасындажаттығуға шақырдым. Ол аудандық 2-ші бастауыш мектепте оқыды. Сабақтан кейіндалада жаттығады. Ол кезде қазіргідей спорт залы да жоқ. Күніне сабақтан соңбір сағат жаттықса, демалыс күндері толық күн жаттығатын. 13 жасқа толғанша осымектепте бокстың қыр-сырын еркін меңгеріп алды. Сосын, Үрімжідегі бәсекелі денетәрбиесі мектебіне оқуға түсті, - деп бір әңгімесінде айтқаны әлі де есімде.

Сондай-ақ, Қанатпенбірге боксты бастаған кейбір қазақ балалары ары қарай спорттан қол үзіпкеткенін де бір әңгімесінде айтып қалып еді.

- Қанатпен біргеқаншама қазақтың баласы бокс залына келді. Қанатпен тең түсіп, тең соғысып, теңжүрген балалардың көбісі кейін жаттығуды тастап кетті. Елдос деген бір жақсыбала болып еді. Ол Қанаттан кем түспейтін. Өкініштісі, боксты ары қарайжалғастырмады. Адамды әр қандай кәсіптен биік шыңға шығаратын, арманына жеткізетінжалғыз дүние бар. Ол – табандылық. Жапакештілік боксшыны шыңдай түседі. Міне,Қанат бүгінгі биігіне сол табандылығының арқасында қол жеткізді. Қанаттың солеңбекқорлығын, жапакершілігін, алған бетінен қайтпайтын қайсарлығын бүгінгішәкірттеріме үлгі етіп айтып отырамын, - дейді Мұрат Бошайұлы.

Міне, сол МұратБошайұлы алғаш рет бокс әліппесін үйреткен Қанат Ислам бүгінде ата-жұртынаоралып, Қазақстан туы астында кәсіпқой бокста бағын сынап жүр.

Қанат Ислам елгеоралған соң WSB жобасындағы «Астана арландары» бокс клубына қабылданып, талайсындарлы сәтте командаластарына жеңіс сыйлады. Кейін, яғн 2012 жылы «Арландар» сапынан кетіп қыркүйекте АҚШ-қа тазакәсіпқой боксқа бет бұрды.


Қазірге дейінкәсіпқой бокста 26 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті. Оның 21-іннокаутпен ұтты.

Қанат соңғыжекпе-жегін 5 шілде күні Алматыда доминикалық Хулио де Хесуспен қолғаптүйістіріп, небәрі 14 секундта қарсыласын ұрып жықты.

Осы жеңісініңарқасында ол орта салмақта WBO Inter-Continental чемпионы атағына қол жеткізіп,BoxRec.com порталының әлемдік рейтингінде 88.69 ұпаймен 1561 кәсіпқой боксшыарасында 35-орынға көтерілді.

Міне, осындайбиіктерді бағындырып, ел алқауында жүрген Қанат Исламның алғашқы бапкері МұратБошайұлының да еңбегі зор екені даусыз.