Мұрат Жүребеков Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО» компаниясында, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС-да жұмыс істеді.

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР бірінші энергетика вице-министрі.


Фото: primeminister.kz