Мұражай жәдігерлерін ұрлаған баукеспе жеті жылға бас бостандығынан айырылды

АТЫРАУ. 1 қазан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау қалалық соты облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспонаттарын ұрлаған ер адамды бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Мұражайды ұрлау оқиғасы биылғы мамыр айында болған еді. Қаскүнем күзетулі мұражайдан қару, әшекейлер, икондар сияқты 54 құнды жәдігерлерді алып кеткен.

Осы қылмысты ашуға арнайы жедел топ құрылды. Мұражай экспонатын ұры өз үйінің маңындағы қоқыс контейнеріне жасырған.

Сот ұрыға ҚР ҚК-нің 180-бабына сәйкес «Аса бағалы заттарды ұрлағаны үшін» айып тақты. Бұрын сотталған оған жеті жылға бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге үкім шығарылды.