деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі.
Ақтық кездесуде Гана құрамасын 1:0 есебімен жеңген мысырлықтар осымен қатарынан үшінші рет құрлық біріншілігін жеңіп алып отыр. Мысырлықтарға жеңіс әкелген матчтың жалғыз голын ойынның 85-ші минутында Геддо соқты.
Мысыр құрамасы Африка Кубогы тарихындағы өзінің жетінші титулын жеңіп алып отыр. Қанжығасында 5 гол бар Геддо биылғы кубоктың үздік шабуылдаушысы деп танылса, ал Мысыр құрамасының капитаны Ахмет Хассан турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Гана құрамасы Африка кубогында екінші орынды қанағат тұтса,, үшінші орынға, сенбі күні Алжир футболшыларын 1:0 есебімен жеңген Нигерия командасы көтерілді.