деп хабарлайды РБК агенттігі.
Lufthansa әуе компаниясының бортында 314 жолаушы болған A340-600 ұшағы Мюнхеннен Токиоға ұшуы керек болған. Лайнер ұшу алаңына шығып қойған кезде, жапондық туристердің басшылығы ұшқышқа төтенше хабар жеткізген.
Жапондықтардың кенеттен іштері бүріп ауыра бастаған, бастары айналып, лоқсыған. 23 адам жергілікті ауруханаға жеткізілсе, 57 жапондық жолаушы дәрігерлердің бақылауымен отельдерге жайғастырылған. Бірнеше сағаттан кейін ұшақ Токиоға ұшып шықты, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Рейстен алып қалынған жапондықтардың өздерін нашар сезінулеріне не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ, бірақ, әуе компаниясының өкілдерінің мәлімдеуінше, олардың ұшақ бортында берілетін тамақтан улануы мүмкін емес.