Ағымдағы жылы қала орталығындағы, Оңтүстік-Шығыс ауданы мен Майқұдықтағы, Пришахтинскідегі 18 көше бойынша жалпы ұзындығы 33,4 шақырым жолды жөндеу көзделген. Ол үшін облыстық бюджеттен 2, 6 млрд. теңге қаражат бөлінді.
Аймақ басшысы Бөкетов, Пичугин көшелері мен Алматы-Екатеринбор тас жолындағы Мұқанов көшесінен бастап жол айрығына дейінгі көшелердегі жағдаймен танысты. Сондай-ақ Н.Әбдібеков Гоголь көшесі бойындағы жылу құбырының қайта жөнделу барысынан хабардар болып, салынып жатқан Достық үйінің құрылысын, Ермеков көшесі, 26/2 мекенжайындағы ауланың абаттандырылу жай-күйін барлады. Одан соң облыс әкімі «Мәңгілік алау» мемориалының артындағы гүлзардың ашылуына қатысты. Аз уақыт ішінде мұнда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, аумақ асфальтталды, жүргіншілер жолына тас төселіп, шағын сәулеттік мүсіндер қойылды. Сонымен қатар балалар үшін ойын кешені мен спорт алаңы салынды.