«Нұр Отан» партиясы алдындағы мақсаттарға тоқталған Елбасы, «барша жерлерде облыс әкімдіктері мен «Нұр Отан» ХДП-ның өңірлік филиалдары жұмысының тиімділігін арттыру керек. Партия кабинеттік жұмыс тәртібінен адамдар проблемаларын білу тұрғысында халыққа қарай баруы керек. Билік пен халық арасын барынша жақындату қажет»,-деп атап өтті Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы партия объективті ақпараттың тәуелсіз көзі болуы тиіс екендігін, яғни жергілікті жерлердегі нақты ахуалды, мемлекеттік органдармен жұмыста азаматтардың өзекті проблемаларын білуі қажет екендігін қадап айтты.