Жастарға арнаған сөзі барысында Мемлекет басшысы биылғы жылы Үкіметке жастар саясатын нығайтуға нақты тапсырма бергенін, жастармен жүйелі жұмыс үшін арнайы комитет құрылғанын айтты.
«Мен әр өңірде жастар ісі жөніндегі кеңесті әр әкімнің өзі басқарсын деп тапсырдым. Еуразия университетінің базасында ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Ол орталық мемлекет тиіс шараларды қабылдау үшін жастардың барлық проблемаларын зерттеп, анықтап отыруы тиіс», - деді Н. Назарбаев.
Президенттің айтуынша, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл сайын жас отбасыларға 3 мыңға тарта пәтерлер беріледі. Биылдың өзінде мемлекет 95 мыңға тарта жас қазақстандықтың жұмысқа орналасуына жәрдемдескен. «Менің саясатымның негізгі өзегі - әрқашан сендердің бүгіндерің мен келешектеріңе қамқорлық жасау, өйткені келешек - сендерсіңдер, барлығы сендер үшін!», - деді Н. Назарбаев.