«Барлық министрліктер бүгінде тексерудің қысымында жүр. Олар қайдан шығып жатыр? Бізде Парламент жанындағы Есеп палатасы бар. Оның міндеті - кеңестік анахронизммен айналысу емес, аудит жүргізу. Жасырын арыз қаралмасын. Өздері арыз жазып алады да, өздері тексереді. Мұндай жолмен кете берсек, мен Қазақстандағы бірқатар тексеруші органдарды тарату туралы шешім қабылдаймын», - деді Елбасы.
17:28, 20 Желтоқсан 2013
Н. Назарбаев бизнесті заңсыз тексеру тыйылмаса бірқатар тексеруші органдарды тарататынын қатаң ескертті
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Индустрияландыру күні» барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті заңсыз тексеру тыйылмаса бірқатар тексеруші органдарды тарату туралы шешім қабылдауы мүмкін екендігін қатаң ескертті.