Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінің жабылу салтанатында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы діни вакуумның таралуын тежеу және адамзаттың моральдық-адамгершілік құндылықтарының тоқырау қатерін еңсеру қажеттігін атап өтті.
«Бұл жерде біздің жастарымызды жоғары рухани тәрбиелеу барынша маңызды болып табылады. Оларға моральдық өзін-өзі жою қаупінен тұрақты иммунитет сіңіруіміз керек. Сонымен қатар отбасылық дәстүрді және қоғам мен отбасындағы әйелдің рөлін нығайту бойынша мақсатты шаралардың маңызы артып келеді», - деді Елбасы.
Осы орайда Мемлекет басшысы бұл мәселелердің барлығы да съездің арнайы сессияларында жан-жақты талқыланғандығын баса айтты. «Бұл пікірсайысты одан әрі жалғастыруды әрі Діни көшбасшылар кеңесінің бастамасын өткізуді және балаларды, жасөспірімдерді, жастарды, отбасылық құндылықтарды қолдауға тәрбиелеуде адамгершілік проблемалары жайында жеке халықаралық онлайн-конференция өткізуді ұсынамын», - деді ҚР Президенті.